Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алып аюға тойтарыс берген ару желіде жұлдыз болды (видео)

Опубликовано:

Қыз
Видеодан кадр: TikTok / bakedlikepie

АҚШ-тың Калифорния штатында 17 жастағы қыз алып аюға тойтарыс берді. Қызықты жайттың видеосы желіде тарап, оны бірнеше миллион адам көріп үлгерген деп жазады Life.ru.

31 мамыр күні TikTok-та жас қыздың алып аюмен арпалысқан сәтінің видеосы пайда болды. Бейнежазбаны басты кейіпкердің әпкесі жариялаған.

Желіде тараған видеодан жанында екі қонжығы бар аюдың қоршауға мініп алғанын көруге болады. Сол сәтте аулада жүрген иттер күтпеген "қонаққа" үре бастайды.

Алайда иттерәне 17 жастағы Хэйли көмекке келіп, жыртқышты қоршаудан итеріп жібереді. Содан кейін бойжеткен аулада қалған итін қолына алып, үйге қарай қаша жөнеледі. Осыдан соң аю қонжықтарымен бірге кетіп қалған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Якутияның Булунск ауданында ақ аю 50 жастағы ер адамға шабуылдағанын жазған едік. Абырой болғанда, ол ауруханаға жеткізіліп, аман қалған.

Одан бөлек, Якутияда 84 жастағы әжей өзіне шабуылдамақ болған аюға тойтарыс бергенін хабарлаған болатынбыз.

Бұрын аңшы болған әйел аюды көргенде дүрбелеңге салынбай қолындағы газетін жаққан. Ақырған аюға өзі де ақырып жауап берген. Одан үріккен жыртқыш райынан қайтып, қашып кеткен.

Сондай-ақ, Алматы облысында өз баласын қорғамақ болған аюдың адамды талап өлтіргенін жазған едік.

Қайғылы оқиға 2020 жылдың 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алакөл ауданының тауларында орын алған. Жыртқыш 1979 жылғы Ресей Федерациясының азаматына шабуыл жасаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1915611-alyp-ayuga-toitarys-bergen-aru-zelide-zuldyz-boldy-video/

pixel