jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Ата-анасымен ұрысқан жасөспірім олармен бірге тұрмау үшін ауласынан үңгір қазып алды (видео)

Жігіт
Фото: odditycentral.com

Испанияда 14 жастағы бала ата-анасымен ұрысқаннан кейін олардан бөлек тұру үшін өз үйінің ауласынан үңгір қазып алған деп хабарлайды odditycentral.com сайты.

14 жасында ата-анасымен жанжалдасып қалған Андрес Канто оларға қатты ренжігенін айтуда. Анасы мен әкесі жасөспірімнің киген киімін ұнатпай, көшеге шығуына тыйым салған екен.

Ата-анасының мұндай ескертпесін жүрегіне жақын қабылдаған Андрес олардан бөлек тұру үшін үйінің ауласынан үңгір қазуға кіріседі.

Көп ұзамай, жасөспірімнің ата-анасына деген реніші басылғанымен, үңгір қазуға деген қызығушылығы арта түседі.

Андрес үңгірді қазып шығу үшін көмекке досын шақырады. Ақыры үңгірді қазуға алты жылын сарп еткен ол бүгінде жеке үңгірдің қожайыны атанып отыр.

Андрес үңгірдің төбесін арнайы доғалармен, сондай-ақ бағаналармен тіреген. Жас жігіт құрылыс материалдары оған шамамен 50 еуроға түскенін айтуда. Ол үңгірін электрмен, Wi-Fi-мен және жылумен жабдықтаған, бірақ жаңбыр кезінде үңгірге су жиналатыны қиындықтар тудырады екен.

Ұлулар мен жәндіктер де қиындық туғызбай қоймайтын көрінеді. Андрес өз үңгірінде тұрмайды, бірақ өзінің жеке кеңістігі барына дән риза, оның үстіне үңгірді өз қолымен қазып шыққанын ерекше мақтан тұтады.

Еске салсақ, бұған дейін әлемнің әр түкпірінде орналасқан ең қымбат он зәулім үй туралы жазған едік. Зәулім үйлер рейтингінде алғашқы орынға Арабия теңізі маңында орналасқан 27-қабатты үй жайғасқан.

Ата-анасымен ұрысқан жасөспірім олармен бірге тұрмау үшін ауласынан үңгір қазып алды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.