Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тек миллионерлер тұратын ауыл туралы білесіз бе

Опубликовано:

Хуаси
Фото: udivitelno.com

Қытайлық У Женьбао деген азаматтың атқарған шаруаларынан кейін аталмыш елдегі кішігірім ауыл көркейіп, тұрғындары миллионерге айналып, ауыл әлемді аузына қаратқан қалашықтардың біріне айналған деп жазады "Замана" басылымы.

Бүгінде Қытайдың Цзяньсу провинциясында әлем жұртшылығын таңғалдырып отырған Хуаси деген қалашық бар. Хуаси Қытайдың алып қалаларының бірі – Шанхайдан 130 шақырым қашықта орналасқан.

Хуаси
Фото: udivitelno.com

Кезінде қалашық кедей ауылдардың бірі ғана болған, ауылдағы тұрғындардың жалпы саны 600-ге де жетпеген, олар ауылшаруашылығымен айналысқан. У Женьбао деген азамат сол шаруалардың арасынан шыққан. Көзі ашық, белсенді, іскер болғандықтан, ол ауылдық партия комитетінің хатшысы болып сайланған екен.

Хуаси
Фото: udivitelno.com

Шамамен 1960 жылдарды У Женьбао ауылдың ахуалын жақсарту мақсатында жобалар жасап, басшылыққа көрсеткен, басшылар оны қолдаған, ойға алғанын іске асыруына ерік берген, тиісті көмек көрсеткен.

Хуаси
Фото: udivitelno.com

Нәтижесінде У Женьбао ауылын дамытуға белсене кірісіп кетеді. Ол алдымен тоқыма зауытын салады, сосын төңіректегі 20 ауылдың жерлері сатып алынады. Бірте-бірте ауыл территориясы 35 шаршы шақырым аумаққа дейін үлкейеді. Кейін Хуасиде тоқыма, металлургия, химия саласында өнім шығаратын басқа да зауыт-фабрикалар бой көтеріп, аумақ ауыл шаруашылығымен қоса өнеркәсіпті де дамытады. Соның арқасында арада бірнеше жыл өткесін Хуаси Қытайдағы №1 ауылға айналған.

Хуаси
Фото: udivitelno.com

Бүгінде ол тұрғындарының әлеуметтік жағдайы жөнінен Қытайдағы барлық қалаларды шаң қаптырған. Қазіргі күндері Хуаси өнімдері Жапония мен АҚШ-ты қоса алғанда 40-тан аса шет елдерге экспортқа шығарылуда екен.

Хуаси
Фото: udivitelno.com

Бүгінгі таңда Хуасиде 35 мың адам тұрады. Онда ірілі-ұсақты 80 кәсіпорын бар. Хуаси тұрғындарының бәрі де миллионер, олардың әрқайсысы аумағы 400-600 шаршы метрді құрайтын екіқабатты коттедждерде тұрады, әрқайсысында кемінде бір қымбат көліктен бар.

Хуаси
Фото: udivitelno.com

Одан бөлек, әр тұрғынның банк шотында орташа алғанда 250 мың доллардан ақша сақтаулы тұр. Өйткені оларға өздерінің кәсіпорындарда жұмыс істеп тапқан қаржысынан бөлек, отбасындағы кішкентай балаға дейін есептеліп, акциялары Шэньчжень қор биржасында сатылатын "Хуаси" кооперативінің кірісінен түсетін жылдық табыстың 20 пайызы теңдей бөлініп беріледі. Ал оның сомасы 500 мыңнан 1 миллион 500 мың долларға дейін жетеді екен.

Хуаси
Фото: udivitelno.com

Сондай-ақ тұрғындарға жылына бір жолға берілетін "Өмір сүруге жәрдемақы" деп аталатын 500 доллар ақша мен 150 келі күріш тиесілі. Ал енді отбасында бір адам 100 жасқа дейін өмір сүрер болса, оларға қосымша 1500 доллар сыйақы беріледі. Хуасиде білім беру, медицина қызметтері баршаға тегін, кәмелетке толған әрбір азаматтың тегін баспана иеленуге құқы бар.

Хуаси
Фото: udivitelno.com

Хуаси тұрғындарының бәрі де жергілікті зауыт-фабрикаларда еңбек етеді, олардың айлық жалақыларының өзі мың долларлап саналады. Бір айта кетерлігі, оларда "сенбі-жексенбі – демалыс күні" деген жоқ. Сондықтан тұрғындардың бос уақытта серуен құрып, демалулары үшін Хуасиде "Әлем паркі" деп аталатын саябақ салынған. Онда Қытайдың өзінің "Ұлы Қытай қорғанынан" бастап, дүние жүзінің басқа да елдерінің ұлттық символы болып табылатын көптеген ғимараттардың аумай қалған көшірмелері орналастырылған.

Хуаси
Фото: udivitelno.com

Бүгінде 25 мың еңбек мигранттары да Хуаси кәсіпорындарында жұмыс істеп, айына 1 мыңнан 10 мың юаньға дейін табыс табады. Қалашық кереметтерін көріп, ондағы жұрттың тұрмыс-тіршілігімен танысу үшін оған жылына жүздеген мың, кей жылдары 2 миллионға дейін туристер ағылады.

Хуаси
Фото: udivitelno.com

Туристерді тарта түсу мақсатында Хуасиде биіктігі 328 метрге жететін, 74 қабаттан тұратын алып ғимарат салынған. Оған жергілікті тұрғындардың әрқайсысы инвестиция құйған, бүгінде олар осыдан түскен табыстан да өз үлестерін алып отыр. Тұрғындар туристердің Хуасиді үстінен тамашалауы үшін 90 миллион юаньға екі тікұшақ сатып алған, енді тағы да үшеуін, оған қоса бірнеше шағын ұшақтар сатып алмақ ниетте.

Хуаси
Фото: udivitelno.com

Бұл ғимараттың екінші қабатында, мысалы, жалпы аумағы 2000 шаршы метрді қамтитын "бутиктер", 61-қабатында бассейндер, гүлдер, құстар бар. Оның 60-қабатындағы құны 47 миллион долларды құрайтын, салмағы 1 тонна тартатын алтын жалатылған алып өгіз ескерткіші де туристерді таңғалдырмай қоймайды. Ғимарат ішінде бес жұлдызды мейманхана, мейрамхана, бизнес-орталық, түрлі бассейндер, алтын жалатылған субұрқақтар жұмыс істейді.

Хуаси
Фото: udivitelno.com

Жұрттың қолын осынша игіліктерге жеткізген У Женьбао Хуасидің экологиялық ахуалын да назарда ұстайды екен. Ол, мәселен, қыруар табыс әкеліп тұрған үш химия зауытын жауып, оның орнына су тазартатын және басқа да кәсіпорындар салдырған. Хуасиді көгалдандырып-абаттандыруға да жылына миллиондаған доллар қаржы бағытталып тұрады.

Хуаси
Фото: udivitelno.com

Бүгінде Қытайдың Цзяньсу провинциясында әлем жұртшылығын таңңалдырып отырған Хуаси деген қалашық бар. Хуаси Қытайдың алып қалаларының бірі – Шанхайдан 130 шақырым қашықта орналасқан. ан келмейтіні жоқ екенін дәлелдеп бергендей.

Материал авторы: Т. Тұран

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1918847-tek-millionerler-turatyn-auyl-turaly-bilesiz-be-foto/

pixel