Миға қауіпті саналатын тағам түрлері қандай
Жарияланған күні:
Араб тілінде шығатын британиялық Rai Al Youm басылымы миға ең қауіпті саналатын тағам түрлерін жария етті деп жазады РИА Новости.
Басылымның жазуынша, Альцгеймер ауруы мен науқастардың тамақтануы арасында өзіндік байланыс бары анықталған.
Аталмыш аурудың пайда болу қаупін азайту үшін кейбір тағамдарды шамадан тыс мөлшерде тұтынудан аулақ болу керек дейді зерттеушілер.
Атап айтқанда, мамандар піскен нан, тәттілер мен газдалған сусындарды көп тұтынбауға кеңес береді. Себебі олар мидың қабынуын және жүйке жасушаларының зақымдануын тудыруы мүмкін деп санайды ғалымдар.
Сондай-ақ, зерттеу авторлары ащы тағамдар мен дәмдеуіштерді қолданарда сақ болу керектігін, өйткені олардың құрамында әдетте ақыл-ой қабілетін төмендететін және есте сақтау қабілетіне кері әсер ететін капсаицин атты зат болатынын ескертіп отыр.
Басылымның хабарлауынша, қуырылған тағамдар мен фаст-фуд тағамының құрамында транс-майлардың көп болуына байланысты бұл тағамдар да мидың белсенділігінің төмендетуі мүмкін.
Сонымен қатар, шұжықтарда, ет пен ірімшіктерде көп мөлшерде кездесетін консерванттар, тұз және қаныққан май қышқылдары миға зиянды деп тұжырымдады ғалымдар.
Еске салсақ, бұған дейін отандық диетолог тек қана көкөніс пен жеміс-жидек жеудің қаупін айтып берген еді. Диетолог ет жеуден аз ғана уақытқа бас тартуға болатынын алға тартқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1919842-miga-qauipti-sanalatyn-tagam-turleri-qandai/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.