jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қалыңдық сақалын қырудан бас тартқан жігітіне тұрмысқа шыққысы келмей қалды

Жігіт
Көрнекі сурет: pixabay.com

Reddit сайтының қолданушылары жігітінің сақалын қырудан бас тартқанына бола тойды болдырмай қойған қалыңдықтың әрекетін қызу талқыға салуда деп жазады lenta.ru.

Қалыңдық тойдан бас тартқанын Reddit сайтында анонимді түрде жазып, көпшіліктен өз әрекетінің дұрыс-бұрыстығына қатысты кеңес сұраған.

Бойжеткеннің айтуынша, жігітімен көңіл жарастырғанына үш жылдың жүзі болған. Үш жыл ішінде жігіті талай сақалын өсіріп, талай қырған екен. Алайда, 2021 жылдың наурызынан бастап, ғашығы сақалын мүлде қыруды доғарыпты.

Олар 6 сәуір күні некеге тұрып, той жасауды жоспарлап отырған. Той күні жақындаған сайын бойжеткенді болашақ күйеуінің сақалы оған мүлде жараспайды деген ой мазалай бастаған. Ол той суреттері ойдағыдай шықпай қалуы мүмкін екенін ескеріп, сол себепті жігітінен сақалын қыруды сұраған екен.

"Мен одан той алдында сақалыңды қыратын шығарсың деп сұрап қалған едім, ол үзілді-кесілді қарсы екенін айтты. Сол сәтте екеуіміздің арамызда жанжал туындады", - дейді бойжеткен.

Осыдан кейін ару жігітіне сақалын қырмаса, той болмайтынын айтқан. Бұған ашуланған жігіті үйінен кетіп, мүлде байланысқа шықпай қойыпты.

Пікір қалдырушылардың бірі бойжеткеннің талабын түсінуге болатынын алға тартса, енді бірі оның әрекеті мүлде дұрыс емес екендігін жазуда.

Олар ер азамат өз қалауынан бас тартпауға құқылы екенін айтып, бойжеткенге райынан қайтуға кеңес берді.

"Сен сақалды жігітке тұрмысқа шығуға келіскенсің, енді оны сол күйінде қабылдауың керек", "Ол саған он келі тастамасаң, үйленбеймін десе қайтер едің", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Қалыңдық сақалын қырудан бас тартқан жігітіне тұрмысқа шыққысы келмей қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.