Балалардың қаржылық сауаттылығын арттыратын ертегі туралы не білеміз
Жарияланған күні:
Түркістанда алғаш рет қазақ тілінде балаларға экономика мен қаржылық сауаттылықты, қарапайым есептеуді үйрететін ертегі кітап жарық көрді деп хабарлайды Отырар арнасы.
"Берке аю және кәсіп" деп аталатын кітаптың авторы түркістандық жас жазушы – Дәурен Жүніс.
Идея авторы – Айбек Қуатбай, жоба жетекшісі – Парасат Танен, бас редакторы – Садық Шерімбек. Суретшілер: Бекзат Исамбергенов, Айгерім Сүттібайқызы.
Экономика мен қаржылық сауаттылықты, қарапайым есептеуді үйрететін кітап сапалы қағазда, түрлі-түсті суретпен безендірілген. Әр ертегінің соңында кішкентай оқырмандарға сауалдар қоса берілген.
Сонымен қатар, аталған кітапта автордың ұлттық және таным құндылықтары негізінде жазған ертегілер жинақталған.
Жоба авторлары барлық жас оқырман мен ата-аналарға ыңғайлы болу үшін ертегілердің аудиоларына кітап ішіне сілтеме берген.
"Технологиялық үдерістер мен заман талабы қазіргі балалардың контент қажеттіліктерінің аясын еселеп кеңейткені белгілі. Сол факторларды негізге ала отырып, жаһандық тәжірибелердің ең соңғы озық үлгісімен астастырып шығарылған бұл өнімдер сериясы жаңа леп іздеген көпшілік оқырманның көңілінен шығады.
Бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі олқылықтың бірі – балалардың экономикалық білімін қалыптастыру, қаржы сауаттылығына баулу. Осы қасиетті өскелең ұрпақтың бойында қалыптастыру үшін ана-аналар мен ұстаздардың тәрбиелік жұмысы үздіксіз жүруі тиіс", - дейді жоба авторлары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1922328-balalardyn-qarzylyq-sauattylygyn-arttyratyn-ertegi-turaly-ne-bilemiz/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.