"Сен өте әдемісің" деген сөзді естігенде әйелдердің бет-әлпеті қалай өзгереді
Жарияланған күні:
Түрік саяхатшы-фотографы Мехмет Генч сапарларының бірінде қызық фотожоба жасаған. Оның бұл жұмысын Big Picture назарларыңызға ұсынады.
Мехмет Генч – түрік саяхатшы-фотографы, Ротасиз Сейях деген лақап атымен танымал, сөзбе-сөз аударғандағы мағынасы "жолсыз көшпенді" дегенді білдіреді.
Фотограф Түркиядағы Самсун қаласында дүниеге келген. Стамбұлда алты жыл IT саласында жұмыс істеп, содан кейін жұмыстан шығып, өзінің сүйікті ісі – фотографиямен айналысқанды жөн деп тапқан.
"Кей кезде мағынасыз жасалған батыл қадам өмірдегі ең маңызды шешімдерді қабылдауға көмектесуі мүмкін", – дейді ол.
Мехметтің таңғажайып фотожобалары жетерлік, бірақ соның ішінде "Сен өте әдемісің" деп аталатын бірегей фотожобасын ерекше атап өтуге болады.
Мехмет бұл жобасында саяхат кезінде кездестірген адамдарға олардың әдемі екенін айтып, реакцияларын фотоға түсірген.
Осы сөз айтылғанға дейінгі және кейін түсірілген фотосуреттерден кейіпкерлердің ажарынан әртүрлі ерекшеліктерді байқау қиын емес.
Оны төмендегі фото топтамадан көре аласыз.
Еске сала кетейік, швейцарлық фотожурналист суретке түсіру өнері арқылы еліміздегі жолаушылар пойызының тіршілігін көрсеткен болатын.
Хеллер Марио пойызбен еліміздің көптеген жерін аралап шыққан.
Ол Қазақстандағы пойыз бекеттерін "Кеңес Одағының мұражайы" деп атаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1922609-sen-ote-ademisin-degen-sozdi-estigende-aielderdin-bet-alpeti-qalai-ozgeredi-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.