Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Британиялық дизайнер маскадан қалыңдық көйлегін тікті (фото)

Опубликовано:

қалыңдық көйлегі11
Фото: instagram.com/hitcheduk

Ұлыбританияда той жасауға енгізілген шектеудің алынуына байланысты ерекше қалыңдық көйлігі таныстырылды. Көйліктің ерекшелігі сол ол қайта өңделген бетпердеден тігілген деп хабарлайды korrespondent.net.

Маскадан тігілген қалыңдық көйлегінің авторы - дизайнер Том Сильвервуд, ал оны көпшілікке модель Джемайма Хамбро таныстырған. Көйлікті тігу үшін 1500 қайта өңделген маска қолданылған.

Сонымен қатар, дизайнер осы "туындысы" арқылы қоршаған ортаның ластану проблемасын көрсеткісі келген. БАҚ-тың мәліметінше, Ұлыбританияда апта сайын бір реттік қолданылатын 100 миллион маска қоқысқа кетеді.

"Біз Ұлыбританияда енді үйлену тойлары ешқандай шектеусіз өтетініне қуаныштымыз", - дейді Hitched журналының редакторы Сара Аллард.

Айта кетейік, Ұлыбритания үйлену тойын өткізуге қатысты барлық шектеулерді алып тастады. Ал, Шотландия тек 200 адамның қатысуымен ғана той өткізуге рұқсат беріп отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ ғалымдары адамның коронавирус жұқтырғанын анықтайтын маска ойлап тапқан болатын.

Ерекше маска жайлы Массачусетс технологиялық институтының сайтында жарияланған мақалада жазылған.

Институт мамандары Гарвард университетіндегі әріптестерімен бірлесіп, кішкене датчигі бар маска жасап шығарған.

Оны зертханалық халаттарға және басқа да киімдерге тігуге болады.

Датчик масканы таққаннан кейін шамамен бір жарым сағат өткен соң нәтиже көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1923180-britaniyalyq-dizainer-maskadan-qalyndyq-koilegin-tikti-foto/

pixel