jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Автобуста өзіне жымия қараған жігітті екі жыл бойы іздеген ару ақыры оны тауып алды

Фото
Фото: life.24tv.ua

Америкалық ару автобуста өзіне жымиып күлген жігітті екі жылдан соң бірақ тапқан. Бір көргеннен бір-бірін ұнатқан жастар, бүгінде қыз бен жігіт ретінде кездесіп жүрген көрінеді деп жазады life.24tv.ua.

Америкалық Сиэттл Симс 2019 жылы автобуста келбеті келісті жігітті байқап қалған. Екі жас бір-біріне жымия күліп, кейін әркім өз жолымен кеткен. Бойжеткеннің айтуынша ол сол жолы қатты сасқалақтағаннан, жігітпен өзі бірінші болып танысуға батылы жетпеген екен.

Бір қызығы екі жас дәл сол автобуста бірнеше айдан кейін тағы да кездейсоқ кездесіп қалған.

Алайда жастар бұл жолы да бір-бірімен таныса алмаған. Сөйтіп Сиэттл мәселені өз қолына алып, жігітті өзі тауып, танысуға бел буады. Ол танысуға арналған қосымшаны жүктеп, бейтаныс жігітті тапқысы келетінін жазған.
"Мен 2019 жылдың қарашасында №70 автобуста бір жігітті кездестіріп, екеуміз де бір-бірімізге күле қарағанбыз. Сосын мен оны 2020 жылдың қаңтарында кездестірдім. Егер сол жігіт сен болсаң, онда "супер лүпілді" бас",-деп жазба қалдырған Сиэттл.

Таң қаларлығы бейтаныс жігіт арудың желідегі парақшасын тауып, оған хабарлама жіберген. Ол осы шешімін өміріндегі ең маңызды шешім дейді.

"Кішкене ыңғайсыз болса да жазайын, сен мен туралы жазба қалдырмадың ба? Мен негізінде №70 автобуспен жиі жүремін және сені – мұрнында кішкене сақинасы бар, сары қызды есіме сақтаппын",-деп жазған Грег есімді жігіт.

Жастар осы хабарламадан кейін бірнеше рет кезедсіп, кейін өздерінің қыз бен жігіт ретінде кездесе бастағандықтарын хабарлаған. Бақытты жастар көпке автобустағы кездейсоқ кездесулер осындай бақытты сәттермен жалғасатынына сену керектігін айтады.

Автобуста өзіне жымия қараған жігітті екі жыл бойы іздеген ару ақыры оны тауып алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.