22 жылын бастауыш мектепте өткізген білімге жаны құштар жан ақыры диплом алды
Жарияланған күні:
22 жылын бастауыш мектепте өткізген 38 жастағы кениялық азамат ақыры жоғары оқу орнын тәмәмдап, диплом алды деп хабарлайды Lenta.ru.
Мэтью Аол Нямлор 22 жылда бес түрлі бастауыш мектепте оқыған, оған қоса орта мектепке түсуге қажетті емтихандарды тоғыз рет тапсырған.
Мәселе оның нашар оқу үлгерімінде емес, орта мектептегі оқудың ақылы болуыңда еді. Мэтью орта мектепте оқу үшін төлейтін ақшасы болмағандықтан, емтихандардан кейін бірінші сыныпқа қайта барып, бастауышты басынан бастаған.
2004 жылы орта мектептердің бірінің директоры Мэтьюді аяп, оған оқу ақысын кейін төлеуге рұқсат берген. Дегенмен ол қажетті қаржыны таба алмаған соң, 2006 жылы оқудан шығарылған.
Бір жылдан кейін Мэтью шарасыздықтан Найробиға жұмыс іздеуге кетеді. Алайда білімге деген құштарлығы оның қайтадан туған жеріне келіп, бастауыш мектепке баруына себеп болған.
2011 жылы Мэтью табандылығының арқасында марапатқа ие болды, оған оқудың барлық шығындарын жабатын сомада шәкіртақы тағайындалды.
Орта мектепті бітіргеннен кейін ол білімін университетте жалғастырған. Биыл 23 шілдеде Мэтью Мемлекеттік саясат және басқару мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бельгияда 11 жастағы Лоран Симонс Антверпен университетін физика мамандығы бойынша тәмамдағаны туралы жазған едік.
Негізінен оқу үш жыл уақытты қажет етеді, алайда оған академиялық дәрежеге ие болу үшін тек бір жыл ғана жеткілікті болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1924633-er-adam-qarazattyn-zoqtygynan-22-zyl-bastauys-mektepte-oqygan/