jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қолшатырын жиямын деп әбігерге түскен Борис Джонсон елді күлкіге қарық қылды

Фото
Фото: Газета RU

Ұлыбританияда қайтыс болған полицейлердің құрметіне қойылған мемориалдық тақтаны ашу барысында ел премьер-министрі Бориса Джонсон қолшатырып жинай алмай, әбігерге түсті. Жиынға қатысушылар мен Чарльз ханзада ел премьерінің бұл әрекетіне еріксіз езу тартты деп жазады Газета RU.

Белгілі болғандай мемориалдық тақтаны ашу салтанатында жаңбыр жауған. Жиынға қатысушылар әп-сәтте қолшатырларын алған.

Сол сәтте ел премьері Борис Джонсон да қолшатырын ашқан. Ал жауын басылған тұста, мәртебелі қонақтар қолшатырларын жинауды ұйғарған.

Сол кезде Борис Джонсон да қолшатырын жаппақ болады. Алайда оны жел ұшырып, ол майысып қалған.

Қолшатырын бірнеше рет жабуға әрекет еткен премьерді көрген ханзада еріксіз Чарльз күліп жіберген.

Дегенмен Борис Джонсон ақыры қолшатырын жинай алған. Ал жиынға қатысқандар премьердің әбігерге түскенін көріп, күлкілерін тоқтата алмаған.

Мұны байқаған Борис Джонсон да өзінің ыңғайсыз жағдайда қалғанын сезіп, жымиған.

Айта кетерлігі, мемориалдық тақтаны Страффордшир қаласында ашқан. Тақта мекемеде 1749 жылдан бері қайтыс болған барлық құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құрметіне орай қойылған.

Жиын соңында Чарльз ханзада полицейлердің ерен еңбегіне алғыс айтып, мемориалға арнайы гүл шоғын қойды.

Айта кетейік, бұған дейін Англия елінің дизайнері маскадан қалыңдық көйлегін тіккенін хабарлаған едік.

Дизайнер Том Сильвервуд көйлекті тігу үшін, 1500 қайта өңделген масканы пайдаланған.

Сонымен қатар, дизайнер осы "туындысы" арқылы қоршаған ортаның ластану проблемасын көрсеткісі келген.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.