Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызбен шатастыратын": Шашын беліне дейін өсірген ұл бала оны науқас балаларға тарту етті

Опубликовано:

Берти
Фото: SWNS

Ұлыбританияда 12 жасар ұл бала шашын беліне дейін өсіріп, оны қатерлі ісікке шалдыққан балаларға тарту етті деп хабарлайды The Sun.

Берти Пилкингтон есімді жеткіншек ұзын шашын Little Princess Trust қорына тарту еткен. Аталмыш қор қатерлі ісікке шалдыққан балалар үшін парик әзірлеумен айналысады.

Берти
Фото: SWNS

Берти шашын төрт жасынан бері өсіріп келген. Анасының айтуынша, ол шашын бастауыш мектепті бітіргенде қимақ болған, алайда шашының ұзынырақ өскенін қалап, осы күнге дейін шыдап келіпті.

Берти
Берти оң жақтан санағанда бірінші. Фото: SWNS

Ұзын шаш Бертиге көптеген ыңғайсыздықтар тудырған – спортпен шұғылданғанда шашы жеткіншекке айтарлықтай кедергі келтірген, оның үстіне мектепте өзгелер Бертиді жиі қыз баламен шатастырып келген екен.

Берти
Фото: SWNS

Десе де, Берти алған бетінен қайтпай, шашын барынша ұзын етіп өсіре алған.

Жеткіншектің 49 жастағы анасы ұлының батыр әрі мейірімді азамат болып ер жетіп жатқанын айтуда. Ол баласының әр жеткістіктерін ерекше мақтан тұтатынын жасырмады.

Берти
Фото: SWNS

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың Калифорния штатында ақ шашын бояудан бас тартқан әйел әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болғанын жазған едік.

Осы орайда Америка Құрма Штаттарының дәрігері Джо Чинкотта адамның шашы неге тез ағаратынын анықтауға тырысқан болатын. Ғалым мыңға жуық адамға зерттеу жүргізе отырып, күтпеген тұжырым жасаған. Ол зерттеу нәтижелерін көпшілік назарына ұсынып, шаштың ағаруына еш қатысы жоқ бес нәрсені атады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1925043-qyzben-satastyratyn-sasyn-beline-deiin-osirgen-zetkinsek-ony-nauqas-balalarga-tartu-etti-foto/

pixel