jitsu gif

Бір-ақ рет көре аласыз: WhatsApp-та көптен күткен функция іске қосылды

Телефон дисплейі
Көрнекі фото: piqsels.com

WhatsApp мессенджерінде өздігінен жойылатын фото және видео жіберу функциясы пайда болды.

WhatsApp мессенджерінде өздігінен жойылатын фото және видео жіберу функциясы пайда болды.

Ол үшін суреттер мен видеоны "Бір рет көру" опциясының көмегімен жіберу керек. Қолданушы өзіне келген хабарламаны тек бір-ақ рет көре алады, осыдан кейін ол автоматты түрде өшіріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан компания өкілдеріне сілтеме жасап.

Осыған ұқсас функция Instagram желісінде де бар: қолданушы өзіне жолданған суретті немесе видеоны қарау үшін батырманы басуы қажет. Көріп болғаннан кейін ол ашылмайды.

Десе де, компания қолданушылар өздігінен жойылатын фото-видеоны скринрекордердің көмегімен жазып алуы мүмкін екенін ескертті.

"Бір рет көру" опциясы жақын арада жаңаратын мессенджерде қолжетімді болады.

Бір-ақ рет көре аласыз: WhatsApp-та көптен күткен функция іске қосылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.