jitsu gif

Әлемдегі ең үлкен ауызға ие ару туралы не білеміз

Ауыз
Саманта Рамсделл: guinnessworldrecords.com

31 жастағы АҚШ тұрғыны Саманта Рамсделл әлемдегі ауызы ең үлкен әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Саманта аз уақыттың ішінде TikTok желісінде жұлдызға айналып үлгерген деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі guinnessworldrecords.com басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-тың Коннектикут штатында тұратын Саманта аузының ерекше үлкен болуының арқасында әлемге танылды. TikTok әлеуметтік желісінде видео түсіре бастаған ол біршама уақыттан соң желі қолданушыларының қызығушылығын тудырған.

Ауыз
Саманта Рамсделл: guinnessworldrecords.com

Ауызының көлемі кішкентай кезінен Самантаның жанды жері болатын. Ол өзінің бет-бейнесіне көңілі толмай, жасөспірім шағында балалардың мазағына да тап болғанын жасырмады.

Ауыз
Саманта Рамсделл: guinnessworldrecords.com

Бірақ, жасына жас қосылған сайын оның өмірге деген көзқарасы да өзгере түсіп, бойындағы бұл ерекшелікті қабылдай білген.

Ауыз
Саманта Рамсделл: guinnessworldrecords.com

Осылайша, Саманта желіге видеолар түсіріп, жүктей бастапты. Оқырмандары көбейе түскен сайын, оның желідегі белсенділігі де арта түскен.

Ауыз
Саманта Рамсделл: guinnessworldrecords.com

Желі қолданушылары оған Гиннестің рекордтар кітабына өтініш беруге кеңес берген соң, Саманта олардың бұл кеңесіне құлақ түріп, бағын сынап көріпті.

Ауыз
Саманта Рамсделл: guinnessworldrecords.com

Гиннесс комитеті әйелді төрешімен бірге тіс дәрігеріне апарып, оның ауыз қуысын өлшеп көрді. Нәтижесінде әйелдің ауызын 6,52 сантиметрге дейін керіп аша алатыны анықталып отыр.

Ауыз
Саманта Рамсделл: guinnessworldrecords.com

Осы арқылы Гиннестің рекордтар кібатына енген Саманта өзін кішкентай күнінде мазақ еткендерге жауап бердім деп есептейді.

Ауыз
Саманта Рамсделл: guinnessworldrecords.com

"Ауызым үлкен шығар, бірақ бұл - әлемдегі ең үлкен ауыз", - дейді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Миннесота штатының тұрғыны Айзек Джонсон әлемдегі ең үлкен ауызға ие азамат ретінде рекорд орнатқан болатын. Ол аузын 10,175 сантиметрге дейін керіп аша алған жасөспірім деп танылған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.