jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Бейсбол добы сыйып кетеді": Әлемдегі ең үлкен ауызға ие жасөспірім рекорд жаңартты

Айзек
Фото: guinnessworldrecords.com

АҚШ тұрғыны әлемдегі ең үлкен ауызға ие болуының арқасында әлемдік рекорд жаңартты деп хабарлайды guinnessworldrecords.com.

Миннесота штатының тұрғыны Айзек Джонсон бұған дейін де әлемдегі ең үлкен ауызға ие азамат ретінде рекорд орнатқан болатын.

Жасөспірім
Фото: guinnessworldrecords.com

Алайда бірнеше айдан кейін оның рекордын өзге АҚШ тұрғыны Филипп Ангус жаңартқан. Филипп аузын 9,52 сантиметрге дейін керіп аша алатындықтан, Айзек бір жыл бойы оның рекордын бұза алмай келген екен.

Десе де, Айзектің жұлдызы қайта жанып, ол бір жыл ішінде аузының кеңейгенін байқайды. Нәтижесінде аузын 10,175 сантиметрге дейін керіп аша алған жасөспірім рекордты жаңартып, өз атағын қайтарып алады.

Жасөспірім
Фото: guinnessworldrecords.com

Жасөспірімнің аузына бейсбол добына дейін оңай сыйып кететіні талайды таңырқатқан. Айзектен бұлай аузын керіп ашқаннан аузы ауырмай ма деп сұрайтындар көп екен.

Жасөспірім
Фото: guinnessworldrecords.com

Жасөспірім еш ауырсынуларды сезінбейтінін, тек кейде аузын тым көп керіп ашса, жағы талатынын айтады.

Еске салсақ, бұған дейін кірпігін 20 сантиметрге дейін өсірген әйел Гиннестің рекордтар кітабына енгенін жазған едік.

Одан бөлек, әлемдегі ең ұзын шашқа ие жасөспірім туралы жазғанбыз.

Сонымен қатар, 6 жасар бала әлемдегі ең жас программист атанып, рекорд орнатқанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ, Қытай тұрғыны әлемдегі ең ұзын бойлы жасөспірім атағына ие болып, рекорд жаңартқанын жазған болатынбыз.

"Бейсбол добы сыйып кетеді": Әлемдегі ең үлкен ауызға ие жасөспірім рекорд жаңартты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.