jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Қорқынышты түс": Кабулдық суретші қыздың шығармалары әлем назарын аударды

Шамсия Хассани
Фото: Instagram/ shamsiahassani

Кабулдық граффити суретшісі Шамсия Хассани ерлер құқығы басым елдегі ауған әйелдерінің бейнесін шығармашылығына арқау етеді. Қылқалам шебері суреттері арқылы ауған әйелдерінің бойындағы үрей мен жарқын болашаққа деген үмітін көрсеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Соңғы күндері ауғанстандық алғашқы граффити суретшісі Шамсия Хассанидің шығармашылығы Instagram-да желі қолданушыларының назарын аударды.

Кабулды Талибан радикалды қозғалысының өкілдері (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) басып алмай тұрып, Шамсия Хассани ауғандық әйелдердің басына болашақта қандай күн туатынын бейнелеген. Ол суреттерінің бірін "Қорқынышты түс. Ауғанстан 2021" деп атады.

Қылқалам шеберінің суреттерінен елді тәліптер билеген тұста ауған әйелдерінің болашағы не болмақ деген алаңдаушылық байқалады.

Суретші көбінесе ауған әйелдерінің бойынан көрген батыл мінезді суреттеріне арқау еткен.

Шамсияның өнеріне тәнті желі қолданушылары соңғы күндері елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, оған қалай көмектесе алатыны жөнінде сұрақ қоюда.

"Саған қалай қолдау білдірсек болады? Сен біздің жүрегіміздесің, сен үшін дұға тілейміз", "Өзіңе сақ бол, Бразилиядан махаббатпен", "Португалиядан ыстық лебіз білдіремін", "Мықты бол! Сіздердің халық үшін дұғадамыз", "Аман бол, махаббатпен Парижден", деген пікірлер жарыса жазылып жатыр.

Шамсия Хассани Кабул университетінде дәріс береді, сондай-ақ ол Ауғанстан көшелеріне көрік беріп жүрген граффити суретші ретінде танымал.

Желідегі парақшасына сүйенсек, Шамсияның басты мақсаты - соғыстан көз ашпай келе жатқан туған қаласының сұрқай көшелерін түрлі-түсті суреттері арқылы көрік беру.

"Қорқынышты түс": Кабулдық суретші қыздың шығармалары әлем назарын аударды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.