Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Меган да, Кейт те емес: Патша отбасындағы ең сұлу әйел кім

Опубликовано:

Меган мен Кейт
Фото: Legion-media

Белді Tatler сән журналы Ұлыбританиядағы патша отбасындағы ең сұлу аруды атады, деп жазады MyLondon.

Патша отбасындағы арулар десе көбі бірінші кезекте Меган Марклды немесе Кейт Миддлтонды елестетеді. Десе де, Ұлыбританияның патша отбасындағы ең көрікті ару атағы мүлде өзге нәзік жандыға бұйырды.

Елдің танымал Tatler сән журналы мұндай атаққа Леди Амелия Виндзорды лайық деп тапқан.

Бойжеткен таққа мұрагерлер тізімінде 42-ші орында тұр. Көпшілікке Мел есімімен танымал ару - Елизавета патшайымның немере ағасы Кентский герцогының немересі.

Осылайша, 26 жастағы ару Уильям мен Гарри ханзаданың жақын туысы болып келеді.

Француз және итальян тілін меңгерген Мел модель. Ол- Dolce & Gabbana сынды белді брендтермен жұмыс істейді.

Одан бөлек, бойжеткен белді журналдардың бірінде штаттан тыс редактор қызметін атқарады. Мел бала кезінен журналист болуды армандаған екен, сондықтан модельдіктен бөлек редакторлыққа да бет бұрған.

Ол көбіне сән әлеміндегі өзгерістер мен жаңалықтар туралы қалам тербегенді ұнатады. Бойжеткен 100 мыңға жуық жазылушысы бар желі парақшасында өміріндегі қызықты сәттерден суреттерді жария етіп отырады.

Еске салсақ, бұған дейін Гарри ханзада мен Меган Маркл қызды болғаны туралы жазған едік.

Олар дүние есігін жаңа ашқан қызына II Елизавета патшайым мен Диана ханшайымның құрметіне Лилибет Диана деген есім берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1930797-megan-da-keit-te-emes-patsa-otbasyndagy-en-sulu-aiel-kim/

pixel