Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Татуласыңдар": Судья бір-бірімен тіл табыса алмаған ерлі-зайыптыны ажырастырмай қойды

Опубликовано:

Сот
Көрнекі сурет: Getty Stock Images

АҚШ соттарының бірінде судья бір-бірімен тіл табыса алмаған ерлі-зайыптыны ажырастырмай қойды деп хабарлайды insideedition.com сайты.

АҚШ-тың Кентукки штаты Буллит округінде судья Моника Меридит ерлі-зайыптылардың шағымын қарастыру барысында күтпеген үкім шығарды. Ол 13 жылға созылған некесін бұзуды қалаған ерлі-зайыптыларға ажырасуға рұқсат бермей қойды. Оның орнына психологтарға жүгіну арқылы араларындағы түсінбестікті жоюға кеңес берумен шектелді.

Десе де ажырасуды қалайтын Николь мен Дуглас Поттс онсыз да соңғы жылдары татуласу үшін түрлі психолог-мамандарға жүгінгенін және бұдан еш нәтиже болмағанын алға тартып отыр.

Олар судьяның мұндай шешім қабылдауына өздерін сотта тым мәдениетті ұстағаны себеп болуы мүмкін деп топшылап отыр. Екеуі де сот отырысында жанжалдаспай, сабырмен әр мәселені талқыға салған екен. Себебі, ортақ қыздарына бір-бірімен сөз таластырып жатқаны ауыр тиюі мүмкін деген оймен осы қағиданы екі жақ та берік ұстануға тырысыпты.

Сотта ажырасуды қалайтын ерлі-зайыптылар әдетте жиі сөз таластырып жатады. Адвокаттардың пайымынша, сондай жағдайларға еті әбден үйренген судья Моника Меридит Николь мен Дугластың сыпайылығын дұрыс түсінбеген және екеуі әлі де некесін сақтап қала алады деп үміттенген болуы керек.

Екі тараптың да адвокаттары Моника Мередиттің үкімі өзін сыйпайы ұстаған арызданушыларға жасалған жазамен тең деген пікірде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1931228-tatulasyndar-sudya-bir-birimen-til-tabysa-almagan-erli-zaiyptylardy-azyrastyrmai-qoidy/

pixel