Ауғанстанда қандай ұлт өкілдері тұрады
Жарияланған күні:
Ауғанстан – әлемдегі көпұлтты мемлекеттердің бірі. Жергілікті халық 30-ға жуық тілде сөйлейді. Сонымен қатар 100-ге тарта диалект бар деп хабарлайды Massaget.kz.
Басылым мәліметінше, қазіргі кезде Ауғанстан халқының саны 32 миллионнан асады. Оның 42 пайызын пуштундар құрайды.
Пуштундар Ауғанстанның оңтүстік-шығысы, оңтүстік және оңтүстік-батысын мекендейді.
Сонымен қатар бұл елде тәжіктер де көп. Олар пуштундардан кейін саны көп ұлт болып табылады. Халық санының 27 пайызы – тәжіктер. Олардың басым бөлігі Панджшер шатқалы аумағында тұрақтаған.
Пуштун мен тәжіктерден кейін көп ұлттың бірі – хазарлар. Олар халықтың 10 пайызын құрап отыр.
Ауғанстанда өзбектер саны да аз емес. Олардың үлесі – 9 пайыз. Сонымен қатар түрікмен, чараймак, нуристандықтардың да саны басым.
Ауғанстанда аз-кем қазақ отбасылары да өмір сүреді.
"Талибан" Ауғанстанда билік орнатқаннан кейін ұлты қазақ екенін айтып, Қазақстан үкіметінен елден алып кетуді сұраушылар көбейген. Қазақстан сыртқы істер министрлігі қазір бұл елде 200-дей қазақ барын хабарлады.
Айта кетейік, Ауғанстандағы жағдай АҚШ әскерінің елден шығарылуымен күрделене түсті. "Талибан" жауынгерлері ашық шабуылға шығып, қысқа уақыт ішінде мемлекет аумағының көп бөлігін бақылауға алды.
Кейбір провинциялар мен қалалар қозғалыс күштеріне қарсылық көрсетпей-ақ берілді.
15 тамыз күні "Талибан" Ауғанстан астанасы - Кабулды ұрыссыз бағындырды.
Ауғанстан президенті Ашраф Гани Кабулға тәліптердің енуіне байланысты президенттік өкілеттігін тоқтатып, елден кетті.
Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.
Ал "Талибан" қозғалысы Ауғанстанда 20 жылға созылған соғыстың аяқталғанын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1931552-auganstanda-qandai-ult-okilderi-turady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.