"Сұлулық атласы": Әлемнің әр түкпіріндегі көркінен көз сүрінер арулардың суреті
Жарияланған күні:
Румыния фотографы Микаэла Норок (Mihaela Noroc) әлем бойынша саяхатқа шығып, "сұлулық атласы" жобасын назарға ұсынды. Ол бұл жобасында әлемнің әр түкпіріндегі әйелдердің табиғи сұлулығын көпшілікке паш етуді мақсат еткен деп жазады bigpicture.ru.
Норок өзінің шығу тегін ұмытпайтын, мәдениеті мен салт-дәстүрін ерекше сыйлайтын шынайы болмысты әрі табиғи сұлулыққа ие аруларды суретке түсіре бастайды.
"Жаһандық тенденциялар бізді бір-бірімізге ұқсас етіп, тіпті мінезімізді өзгертеді. Бірақ біз өзгешелігімізбен көріктіміз", - дейді ол.
2018 жылы Микаэланың Наталья атты қызы дүниеге келеді және олар көп ұзамай әлем бойынша саяхатқа бірге аттанады. 2019 жылдың тамызында Микаэла мен Наталья Батыс жартышарды аралайды: олар АҚШ пен Канадада болып қайтады, содан кейін Оңтүстік Америкаға жол тартып, көп ұзамай Гватемала, Чили мен Перуге барады.
Бастапқыда саяхат 8 айға созылады деп жоспарланған, бірақ коронавирус жоспарға әсер етпей қоймады. Десе де, ештеңеге қарамастан, Микаэла жобасын тоқтатпауда. "Сұлулық атласы" арқылы Норок адам көркінің әртүрлілігіне әлем назарын аударуды көздейді.
"Бәлкім 50 жылдан кейін бүкіл әлемдегі әйелдер бірдей киініп, өзін бірдей ұстайтын болады. Менің жобам өз дәуірімдегі мәдениеттер мен дәстүрлердің куәгері болып қалады деп үміттенемін", - дейді ол.
Ыстамбұл, Түркия
Вахан дәлізі, Ауғанстан
Қытай, Сычуань провинциясы
Тәжікстан, Душанбе
Бішкек, Қырғызстан
Амритсар, Үндістан
Мумбай, Үндістан
Үндістан, Дели
Үндістан, Джодхпур
Үндістан, Варанаси
Катманду, Непал
Катманду, Непал
Моңғолия
Моңғолия
Янгон, Мьянма
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1931844-sululyq-atlasy-alemnin-ar-tukpirindegi-korkinen-koz-suriner-arulardyn-sureti/