jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Киіміме тиіспе": Ауған әйелдері тәліптер бекіткен киім үлгісіне қарсы шықты

Көйлек киген ауған аруы
Фото: Twitter / @yousafzailaiba3

Ауғанстанның нәзік жандылары тәліптер бекіткен қатаң киім үлгісіне қарсы шығып, желіде арнайы челлендж бастап кетті деп хабарлайды theguardian.com сайты.

60-70 жылдары Ауғанстан Орталық Азиядағы дамыған елдердің бірі болғаны көпшілікке жақсы белгілі. Кинотеатрлар, концерттер, саябақтардағы отбасылық пикниктер, әдемі көйлек киген әйелдер - мұның бәрі ауғандықтардың күнделікті өмірінің бір бөлігі болды.

"Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) өздерінің тарихи тамырларына оралғысы келетінін мәлімдеп, Ауғанстанда әйелдерге жабық қара киім үлгісін бекіткелі бері, желіде "менің киіміме тиіспе" - #DoNotTouchMyClothes деген тегпен наразылық челленджі басталып кетті.

Онда бетін бүркеп, қара киім киіп жүруге қарсы шыққан арулар ұлттық киімімен түскен суреттерін жария етуде. Мұндай челленджді Ауғанстандағы Америка университетінің бұрынғы профессоры Бахар Джалали бастаған. Ол өзінің Twitter-дегі парақшасында ұлттық нақыштағы әдемі жасыл көйлек киген суретін жариялап, өзге әйелдерді көйлек киген суреттерін жария етуге шақырды.

"Қара киім - бұл біздің мәдениетіміз емес, біздің болмысымыз емес. Ауғанстанның әр аймағында өзіндік дәстүрлі киім бар, бірақ олардың бәріне ортақ белгі: көптеген түстер, оюлар мен кестелердің болуы", - деп жазған ол.

АҚШ құқық қорғаушысы, тегі ауған болып табылатын Спожмай Мейсид профессорды қолдап, Ауғанстан ислам дінін көптеген ғасырлар бойы ұстанып келе жатқанымен, әйелдер ешқашан паранжа кимегенін алға тартты.

"Киіміме тиіспе": Ауған әйелдері тәліптер бекіткен киім үлгісіне қарсы шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.