jitsu gif

Әлеуметтік желі қолданушылары Қызылорда қаласының «Үздік ауласын» таңдады

«Үздік аула»
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов аулаларды абаттандыру, көгалдандыру ісі бойынша үздік атанған байқау жеңімпаздарын құттықтады.

Қызылорда қаласын жасыл-желекке айналдыру бағытындағы жұмыстарға қаланың жанашыр және белсенді азаматтары үлестерін қосып келеді.

Оларды ынталандыру үшін Қызылорда қаласы әкімдігі «Қала күні» мерекесіне орайластырып әлеуметтік желілердегі парақшасында 16 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында «Үздік аула-2021» байқауын ұйымдастырды.

«Үздік аула»
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Байқауға қатысуға 8 аула өтінім білдіріп, нәтижесі бойынша «Шұғыла» мөлтек ауданы №15 үй 28 пәтер тұрғындары Голиков Анатолий Иванович пен Голикова Людмила Васильевнаның ауласы басым дауысқа ие болып, жеңімпаз атанды.

«Үздік аула»
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Қаланың көркеюіне үлес қосып, жанашырлық танытқан аула бағбанына Бектас Балғабайұлы қала әкімінің арнайы дипломын табыстады.

Сонымен қатар, ауланы көркейту-көгалдандыруға қажетті құрал-саймандар жинағы беріліп, тұрғын үй ауласына «Үздік аула - 2021» тақтайшасы ілінді.

«Үздік аула»
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Байқаудың бір ерекшелігі қала тұрғындары үздік ауланы өздері таңдайды. Дәстүрге айналған «Үздік аулалар» байқауы биыл 4-ші мәрте ұйымдастырылды.

«Үздік аула»
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Жеңімпаз атанған тұрғындар Қызылорда қаласының тұрғындарын аулаларын күтіп-баптауға, қаламызды жасыл-желекке айналдыруға өз үлестерін қосуға шақырды.

Көгалданған ауланы бейнесюжеттен тамашалауды ұсынамыз:

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.