Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Элвис Пресли, Чарли Чаплин, Одри Хепберн сынды жұлдыздардың немерелері кімге ұқсаған

Опубликовано:

Элвис
Фото: bigpicture.ru

Элвис Пресли, Одри Хепберн мен Чарли Чаплин сынды әлем жұлдыздары дүниеден өткенімен, артынан өшпес із қалдырды. Әңгіме тек олардың шығармашылығы жөнінде емес, өсіп-өніп жатқан ұрпағында да болып отыр. Жұлдызды тұлғалардың өздеріне ұқсаған немерелерін bigpicture.ru сайты назарға ұсынды.

Чарли Чаплин. Кира, Уна және Кармен есімді үш немересі бар

Чаплин
Фото: bigpicture.ru

Кино әлемінің жарық жұлдызы Чарлидің артында 11 баласы қалған. Және бұл тек ресми түрде көпшілікке жария етілген балалары ғана... Шын мәнінде Чарлидің немерелері әлдеқайда көп болуы ғажап емес. Жұртқа танымал болып үлгерген немерелері - Уна, Кира және Кармен. Үш ару да жұлдызды атасының жолын қуған.

Уна
Уна. Фото: bigpicture.ru

Уна Чаплин "Қара айна", "Тақтар таласы" және "Шерлок" фильмдерінде ойнады. Ол әзірге тек эпизодтық рөлдерді сомдап жүр.

Кира
Кира. Фото: bigpicture.ru

Кира Чаплин кионға түсуден бөлек, модельдік бизнеске бет бұрған. Ол өзге актерлер мен актрисаларға Чарли Чаплин жүлдесін табыстау құрметіне ие болды.

Кармен
Кармен. Фото: bigpicture.ru

Кармен Чаплин - актриса ғана емес, сонымен қатар жұлдызды атасы сияқты сценарист, продюсер және режиссер. Чарли Чаплиннің таланты оның барлық ұрпақтарына берілгенге ұқсайды.

Одри Хепберн. Эмма есімді немересі бар

Одри
Фото: bigpicture.ru

Одри Хепберн екі рет тұрмысқа шыққан және артында керемет фильмдерінен бөлек, екі баласы мен үш немересі қалды.

Эмма
Эмма. Фото: bigpicture.ru

Актрисаның немересі Эмма Кэтлин Феррер - бұрынғы модель, бүгінде суретші атанған. Ол Harper's Bazaar мұқабасында пайда болды, Dior, Givenchy, Tiffany & Co және басқа да брендтермен жұмыс жасады.

Эмма
Эмма. Фото: bigpicture.ru

Эмма өзін актриса ретінде де сынап көрген. Ол "Шатырдағы адам" триллерінде рөлдердің бірін сомдап, әжесі туралы деректі фильмнің түсіріліміне қатысты.

Марлон Брандо. Немересі - Туки Брандо

Марлон
Фото: bigpicture.ru

Марлон Брандо бір кездері миллиондардың кумирі болған. Актерлік мансабында ол 40-тан астам фильмде рөл сомдап үлгерді, олардың көпшілігі әлемдік киноның алтын қорына енді.

Актердің 14 туған баласы бар. Асырап алған балалары да жеткілікті. Немерелерінің бірі - Туки Брандо.

Туки
Туки. Фото: bigpicture.ru

Тукидің әкесі ол туылмай жатып оққа ұшқан, ал анасы есірткіге тәуелді және психикалық ауруға шалдыққан. Сол себепті, Туки балалық шағында әжесінің қолында өсті. Ол жұлдызды атасымен мүлде жақын араласпаған - Марлон Брандо оны тіпті мұрагерлер қатарына қоспаған.

Туки
Фото: bigpicture.ru

Бірақ жігіттің өзі жарнамалық түсірілім мен фотосессияға қатысу арқылы жақсы табыс тауып отыр.

Элизабет Тейлор. Немересі - Куинн

Элизабет
Фото: bigpicture.ru

Элизабет Тейлордың тоғыз немересі бар. Олардың бірі - фотограф Куинн Тайви. Сымбатты азамат - әжесіне ұқсаған мейірімді жан.

Куинн
Куинн. Фото: bigpicture.ru

Көптеген жылдар бойы ол АИТВ-ға қарсы зерттеулерді қаржыландыратын amfAR ұйымы үшін қаражат жинауда. Қайырымдылық миссиясын орындау үшін Куинн бүкіл Американы аралап, АИТВ жұқтырған адамдарды суретке түсіріп жүр.

Куинн
Фото: bigpicture.ru

Элвис Пресли. Немересі - Райли

Элвис
Фото: bigpicture.ru

Рок-н-ролл патшасы бір-ақ рет үйленген, некесінен Лиза Мария Пресли атты бір қызы бар.

Райли
Райли. Фото: bigpicture.ru

Райли Кио - Лиза Мария Преслидің бірінші күйеуі Дэнни Кионың қызы.

Музыкаға деген сүйіспеншілік бұл отбасы өкілдерінің қанына сіңген сыңайлы. Десе де Райли мүлде басқа жолды таңдады - ол табысты модель.

20 жасқа толған кезде, бойжеткен өзінің алғашқы экрандағы дебютін жасады. Ал бүгінде 32 жастағы Райли фильмдерде және теледидарда ондаған рөлді сомдап үлгерген. Оның қатысуымен түсірілген ең есте қаларлық фильмдер - "Ессіз Макс", "Жеңіл жүрісті қыз" және "Жақсы дәрігер".

Райли
Фото: bigpicture.ru

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1934864-elvis-presli-carli-caplin-odri-xepbern-syndy-zuldyzdardyn-nemereleri-kimge-uqsagan/

pixel