«Сәлем саған, Түркістан»: Түркістандықтар баршаңызды өнер фестиваліне шақырады
Жарияланған күні:
1-7 қараша аралығында Түркістанда "Сәлем саған, Түркістан!" өнер фестивалі өтеді. Бір аптаға созылатын фестиваль аясында көптеген мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Осы орайда, фестивальді ұйымдастырушылар барша тұрғындарды құрметті қонақ болып, мерекелік көңіл-күйді бірге бөлісуге шақырады.
«Сәлем саған, Түркістан» фестивалі биыл көптеген іс-шараларды қамтып отыр. Атап айтар болсақ, облыстық дәстүрлі әншілердің «Күміс көмей» байқауы өтеді. Дәстүрлі өнерді жалғастырушылардың кеші 1 қарашадан басталады және «Фараб» кітапханасында өтеді.
Сондай-ақ, «Тұран даласы» атты бейнероликтер байқауы жарияланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.
Ал, 3 қарашада мың бұралған бишілерге арналған «Бұраң бел» облыстық би байқауы басталады. Аталған мерекелік кеш «Конгресс холлда» көрермендерді күтеді.
Әйгілі күйші Дина Нұрпейісованың 160 жылдығы да шара аясында кеңінен тойланбақ. Дәулескер күйшілердің басын қосатын «Тойбастар» фестивалі 4 қарашаға жоспарланған.
5 қарашада Түркістандағы Этноауыл кешені қызыққа толы болмақ. Мұнда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және облыстық "Жанубий Қозоғистон" қоғамдық-саяси газетінің мерейтойына арналған аудандар арасындағы облыстық тағамдар байқау басталады.
Вокалды аспаптар ансамблінің «Уақыт және әуен» атты облыстық байқауы 6 қараша күні «Фараб» кітапханасының концерт залында ұйымдастырылады.
Фестивальдің ең соңғы күнінде Сауран қалашығына қарай асығыңыз. Сол күні бабалардан қалған асыл қазынамыз – қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс ұйымдастырылады.
Еліміздің тұрғындары мен қала қонақтарын бір апталық фестивальда асыға күтеміз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1939629-salem-sagan-turkistan-turkistandyqtar-barsanyzdy-oner-festivaline-saqyrady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.