jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

WhatsApp компьютерге арналған жаңа қосымша әзірлеп жатыр

Ватсап
Көрнекі фото: pixabay.com

WhatsApp мессенджерін құрастырушылар компьютерге арналған мүлдем жаңа қосымша әзірлеуде, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

Қазір пайдаланушылар браузер арқылы жұмыс істеу үшін мессенджердің веб-нұсқасын ғана пайдалана алатын болса, жаңа қосымша жеке бағдарлама ретінде жұмыс істемек.

Порталдың мәліметінше, бағдарлама WhatsApp UWP деп аталады. Оны қазірдің өзінде Windows 10 және Windows 11 жүйелерінде жұмыс істейтін компьютерлерге жүктеп алуға болады.

Компания кейінірек macOS жүйесіне арналған қосымшаны шығармақ, алайда оның нақты қашан іске қосылатыны белгісіз.

Бағдарлама Skype-қа ұқсайды, бірақ дизайн элементтерімен және чаттардың дәстүрлі жасыл түсімен ерекшеленеді. Ал баптаулары мобильді нұсқадағы сияқты санаттарға топтастырылады.

Сонымен қатар, бағдарламада суреттер мен жазуларды жасау мүмкіндігі іске қосылады, содан кейін оларды әңгімелесушіге жіберуге болады. Бағдарлама жабық тұрса да, мессенджер хабар беріп отырады.

WhatsApp компьютерге арналған жаңа қосымша әзірлеп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.