Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда тұрғындар үш күннің ішінде сырт келбеті күдік тудырған жігітті полицияға бес рет ұстап берген

Опубликовано:

Түрме
Көрнекі фото: pixabay.com

Қытайдың Байчэн қаласында түрмеден қашқан сотталушыға қатты ұқсайтын жігітті жергілікті тұрғындар үш күннің ішінде полицияға бес мәрте ұстап берген, деп жазады РИА Новости.

Чжу Сяньцзянь есімді сотталушы 18 қазанда түрмеден қашып кеткен. Оны ұстау үшін бастапқыда 150 мың юань (10 млн 305 мың теңге) сыйақы тағайындалған. Кейін бұл сома 700 мың юаньға (47 млн 480 мың теңге) дейін ұлғайтылған.

Осыдан кейін жергілікті тұрғындар сотталушыны іздеу жұмыстарына белсенді түрде атсалысқан. Нәтижесінде полицияға қашқынды көргенін айтып, көптеген адам жүгінген.

Кейінірек, тәртіп сақшыларына сотталушыға шаш үлгісіне дейін қатты ұқсайтын ер адам туралы бірнеше мәрте ақпарат берілгені анықталған.

Басылымның хабарлауынша, түрмеден қашқан сотталушы 28 қарашада қолға түскен.

Ал тұрғындар Қытайдың әлеуметтік желілерінде қашқынға қатты ұқсайтын ер адамға мойнына жеке деректерін жазып алуға кеңес берген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қытай түрмесінен қашып кеткен тұтқын құқық қорғау органдарынан жасырынып, 17 жыл бойы үңгірде өмір сүріп келгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1944962-qytaida-turgyndar-us-kunnin-isinde-syrt-kelbeti-kudik-tudyrgan-zigitti-policiyaga-bes-ret-ustap-bergen/

pixel