Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемде өмір сүру деңгейі ең қымбат қала анықталды

Опубликовано:

Тель-Авив
Көрнекі фото: Getty Images

Economist Intelligence Unit компаниясының аналитикалық бөлімі әлемдегі өмір сүру деңгейі ең қымбат қалалар рейтингін жасады, деп хабарлайды Lenta.ru.

Оған сәйкес, Израиль қаласы Тель-Авив әлемдегі ең қымбат қала атанып отыр.

Зерттеуге барлығы 173 қала қатысқан және 10 негізгі категория есепке алынған.

Негізі, былтыр Тель-Авив бұл тізімде бесінші орында тұрған еді.

Биыл шекельдің долларға шаққандағы бағамы өсіп, нәтижесінде қалада көлік құны, алкоголь пен азық-түлік бағасы қымбаттап, Тель-Авив бірінші орынға шыққан.

Екінші орынды Париж мен Сингапур бөлісті, одан кейін Цюрих, Гонконг, Нью-Йорк, Женева, Копенгаген, Лос-Анджелес және Осака қаласы тұр.

Ал өмір сүру деңгейі ең арзан қалалар деп Дамаск, Триполи және Ташкент танылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1945019-alemde-omir-suru-dengeii-en-qymbat-qala-anyqtaldy/

pixel