Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оливье" салаты кей адамдар үшін қауіпті болып шықты

Опубликовано:

оливье салаты
Көрнекі фото: chance4traveller.com

Ресейлік диетолог, ұлттық диетологтар мен тамақтану қауымдастығының мүшесі Наталья Круглова кей адамдар тобына "оливье" салаты қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Москва 24.

Маманның айтуынша, классикалық түрдегі "оливье" салатын ас қорыту жолдарының аурулары мен жоғары холестерині бар адамдарға жеуге болмайды. Себебі, оның құрамында адам денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін негізгі ингредиенттер – шұжық пен майонез бар.

"Бұл салатқа кейде шұжық қосылатындықтан, оны ас қорыту жолдарының ауруы, созылмалы сырқаты бар адамдарға жемеген жөн. Мысалы, гастрит, асқазан жарасы", – деп түсіндіреді диетолог.

"Мұндай жағдайда адам ауырсынуды, жүрек айнуын сезінуі ықтимал. Егер денсаулыққа қатысты проблемалар болса, шұжықты қайнатылған етпен алмастыруға болады. Бұл диеталық нұсқа болады. Майонезді грек йогуртымен алмастырып, оған аз мөлшерде дәмдеуіштер, мысалы, ащы шөптер, тұз қосу керек.", - деді ол.

Круглова жоғары холестерині бар адамдарға да салат рецептін өзгертуді ұсынады.

"Бұл адамдарға май мөлшерін аздап шектеу қажет, сондықтан шұжықты тауық немесе күркетауық етімен алмастыруды ұсынамыз", – деп кеңес береді дәрігер.

Диетологтың сөзінше, майонездің орнына тек йогуртты ғана емес, өсімдік майын да қолдануға болады.

Жоғары холестерині бар адамдар салат жегенде денсаулығындағы өзгерісті байқамауы мүмкін, дейді Круглова. Сондықтан, ол тағам таңдауға аса байыппен қарау керек деп есептейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1948893-olive-salaty-kei-adamdar-usin-qauipti-bolyp-syqty/

pixel