"Таңғы ас ішпейді": 22 жылдан бері чипстер мен наггетстерді талғажау етіп келе жатқан ару жайлы не білеміз
Жарияланған күні:
Англияның Кембридж қаласының тұрғыны Саммер 22 жыл бойы тек чипстер және наггетстермен тамақтанып келеді. 25 жастағы бойжеткеннің ерекше диетасы дәрігерлерді таңғалдыруда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Metro басылымына сілтеме жасап.
Бойжеткеннің сөзінше, мұндай диета өзіндегі фобиямен байланысты. Саммер тағамның басқа түрін жеуге тырысқанымен, артынша өзін жайсыз сезінетінін айтады.
Саммер үш жасқа дейін тағам талғамаған, алайда бала күнінде ұнатпайтын картоп езбесін қинап жегізгеннен кейін бойжеткенде фобия пайда болған.
120.su сайты жариялаған ақпаратқа сәйкес, бүгінде Саммердің көкөніс пен жеміс-жидек жемегеніне 22 жылдан асқан.
Бірде бойжеткен тіпті атасымен бәстескен екен. Бәс бойынша егер ол бір тал бұршақ жей алса, атасы оған 1000 фунд беруге келіскен. Нәтижесінде Саммер қанша тырысқанымен, бір тал бұршақты да жей алмаған.
Одан бөлек, Саммер тауық етінен жасалған наггетсті де жей алмаған кездері болғанын айтады. Ол кезде англиялық ару үш ай бойы тек чипстермен ғана тамақтанған.
Саммердің ерекше диетасына қарамастан, денсаулығында еш мін жоқ. Ас мәзірі чипстер мен наггетстерден тұрса да, ол ешқандай аурумен ауырмайды. Бұл жайт жергілікті дәрігерлерді таңғалдырып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1960083-tangy-as-ispeidi-22-zyldan-beri-cipsy-men-naggetsydy-talgazau-etip-kele-zatqan-aru-zaily-ne-bilemiz/