Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

60 жыл бойы капсулада өмір сүрген әйел жайлы не білеміз

Опубликовано:

Марта Мейсон
Фото: bigpicture.ru

Біз кейде өз өмірімізге налып жатамыз. Тағдыр тек бізге қарсы тұрғандай сезінеміз. Бірақ осындай сәттерде ауыр сынақ берілсе де, еш сынбаған жандарды еске алған дұрыс. Осындай адамдардың бірі 60 жыл бойы капсулада жатқан Марта Мейсон, деп хабарлайды Bigpicture.ru.

Марта Мейсон 1937 жылы дүниеге келіп, 11 жасына дейін қатардағы америкалық қыздардан айырмашылық сезінбеген. Ол балалармен ойнап, мектепке барып, анасына үй тірлігіне көмектескен. Алайда 1948 жылы Мейсонның жанұясына қаралы күндер басталған. Алдымен Мартаның ағасы полиомиелиттен көз жұмып, артынша қыздың өзі де дертке шалдыққан.

Марта Мейсон
Фото: bigpicture.ru

Мэйсон аман қалғанымен, сырқат оны төсекке таңып, ештеңеге қауқары жоқ мүгедекке айналдырды. Бір айдың ішінде Мартаның бұлшықеті жансызданып, қозғалу мүмкіндігінен айырылған. Кейіннен оның жағдайы тіпті нашарлап, өздігінше тыныс ала алмайтын болған.

Осылайша, Марта Мейсон тез арада ауруханаға жеткізіліп, тыныс алуды қамтамасыз ететін аппарат капсуласына жатқызылды. Бұл құрылғының ішіндегі қысымды ауыстыру жолымен жүзеге асқан.

Марта Мейсон
Фото: bigpicture.ru

Дәрігерлер Мартаның анасына қызы капсулада көп дегенде бір жыл өмір сүре алатынын айтқан. Дегенмен Мейсон дәл сол капсуланың ішінде 61 жылын өткізді.

Ол мектепті үздік бағаға бітіріп, екі беделді университеттің дипломын алды. Өзіне журналист мамандығын таңдап, жергілікті газеттердің біріне жұмысқа орналасқан.

Марта Мейсон
Фото: bigpicture.ru

Марта капсуладан өте сирек және аз уақытқа ғана шыға алған.

Ол 60 жылдың ішінде кез келген уақытта ажал құшуы мүмкін еді. Мейсон өмірден 2009 жылы 71 жасында өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1969098-60-zyl-boiy-kapsulada-omir-surgen-aiel-zaily-ne-bilemiz/

pixel