Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түскі ас білім беру бағдарламасына енген: Жапондықтар балаларына дұрыс тамақтануды қалай үйретеді

Опубликовано:

жапон балалары
Фото: bigpicture.ru

Жапония оқушыларының мектептегі түскі асы басқа елдердегі түскі астан ерекше. Олар балаларына кішкентай кезінен бастап тұтынатын кез келген тағамның өмір салтына әсер ететінін үйретеді. Осы орайда Bigpicture порталы жапон балалаларының тамақтануындағы ерекшеліктер қандай екенін жазды.

"Жапон үкіметінің ұстанымы - мектептегі түскі ас оқудағы үзіліс емес, білім берудің міндетті бөлігі болып саналады", - дейді мектептегі денсаулық сақтау ісі жөніндегі үкімет өкілі Масахиро Оджи.

жапон асханасы
Фото: bigpicture.ru

Айта кетерлігі, Жапонияда егер ата-ана баланың тамағына (шамамен екі жарым доллар) төлей алмаса, балаларға тегін немесе жеңілдетілген түскі ас бағдарламалары ұсынылады. Фотосуретте мисо сорпасы, балық, сүт, күріш және көкөністермен қуырылған шошқа еті көрсетілген.

жапон тағамдары
Фото: bigpicture.ru

Жапонияда түскі асқа ерекше мән беріледі. Түскі ас кезінде балалар ешқайда асықпайды, ешкімді асықтырмайды осылайша, олар тыныштықта отырып тамағын ішеді.

түскі ас
Фото: bigpicture.ru

Күріш - жапондықтардың негізгі тағамы. Түскі ас әдетте - күріш пен сорпадан тұрады.

жапон балалары
Фото: bigpicture.ru

Мектеп оқушылары бір-біріне дайын тағамдарды таратады – осылайша олар өз бетінше жүріп-тұруға дағдыланады.

жапон балалары
Фото: bigpicture.ru

Көптеген мектепте тазалаушы жоқ, балалар ыдысты өздері жинайды.

жапон балалары
Фото: bigpicture.ru

Нәтижесінде жапондықтар дені сау ұрпақ тәрбиелеп қана қоймай, сонымен қатар балаларға өздері жейтін нәрсеге жауапкершілікпен қарауды үйретеді.

Жапонияда өмір сүру ұзақтығы басқа елдермен салыстырғанда жоғары, ал семіздік деңгейі төмен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1980073-tuski-as-bilim-beru-bagdarlamasyna-engen-zapondyqtar-balalaryna-durys-tamaqtanudy-qalai-uiretedi-foto/

pixel