Орманнан гауһар тас тауып алған әйел үйін жөндеуден өткізіп, қыздарын ұзатпақшы
Жарияланған күні:
Орманға отын жинауға барған үндістандық әйел күтпеген жерден үлкен олжаға кенелді. Жерде жарқырап жатқан кішкентай ғана тас құны 25 000 доллар тұратын гауһар тас болып шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі 120.su порталына сілтеме жасап.
Табылған олжа өте қымбат әрі ойыңнан шығатындай бағалы да болады. Орманға отын жинауға барған Генда Байдың айы оңынан туды. Пурушоттампур ауылының тұрғыны (Мадхья-Прадеш, Үндістан) отын жинауға барып, жерде жарқырап жатқан затты көзі шалады.
Қолына алып қарағанда жарқыраған тас болып шықты. Бағалы тас болуы мүмкін деген ой келген Генда оны күйеуіне көрсету үшін үйіне қарай жүгіреді.
Алайда ерлі-зайыптылар қолдарында қандай тас екенін өз бетінше анықтай алмағандықтан, асыл тастар бойынша сарапшы Анупам Сингхқа көмекке жүгінеді.
Ол Генданың салмағы 4 карат болатын және құны 25 000 доллар тұратын гауһар тас тапқанын анықтаған.
Күтпеген жерден үлкен олжа мен мол табысқа кенелген әйелдің қуанышында шек жоқ. Ең алдымен ол тозығы жетіп, ескірген үйін жөндемекші. Сонымен қатар, төрт ұл мен екі қыздың анасы жақын арада қыздарын ұзатуды жоспарлап отыр. Сондықтан гауһар тастан түскен ақша осы екі салтанатты шараға жұмсалады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1981341-ormannan-gauhar-tas-tauyp-algan-aiel-uiin-zondeuden-otkizip-qyzdaryn-uzatpaqsy-foto/