Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аустралиялық көше кезбесі екі жылда қалай миллионер атанды

Опубликовано:

Гарри Сандерс
Фото: bigpicture.ru

Мельбурн қаласының тұрғыны Гарри Сандерс екі жыл бұрын ғана үй-күйсіз, көшеде қоқыстан тамақ іздеп күнелткен жан еді. Бүгінде ол Аустралиядағы ең табысты жас кәсіпкерлер рейтингіне енген үздік маман, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Bigpicture.ru басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, қазіргі таңда оның байлығы 1,5 миллион долларға бағаланады. Бұл соншалықты көп сома болмауы да мүмкін, бірақ Гарридің өткен шағын ескерсек, оның осындай жетістікке жетуі - таңғаларлық нәрсе.

Өйткені Сандерс екі жыл бұрын ғана Мельбурн көшелерін кезген үй-күйсіз жан болған. Көпір астын паналап, қоқыстан тамақтанған. Танысы немесе сыныптасының үйіне бір қонып шықса, одан асқан бақ жоқ деп санаған.

Гарри
Фото: bigpicture.ru

Гарри кездейсоқ жағдайда далада қалған және мұндай экстремалды өмірге мүлдем бейімделмегенін айтады. Бүгінде жеке кәсібі бар миллионер үй-күйсіз жүрген күндерін қорқынышпен еске алады.

"Мен үйсіздердің өз аумағы болатынын білмедім, мен қаңғып жүрген жер басқалардың бақылауында болғандықтан басынан бастап қиындықтарға тап болдым. Кешке азық-түлік дүкендеріне барып, олардан тамақ қалдықтарын сұрап іштім", - дейді ол.

көше кезбесі
Фото: bigpicture.ru

Бірде ол осындай өмір салтынан жалыққанын түсініп, өмірін түбегейлі өзгертуге шешім қабылдаған. Ол қолынан келетін жұмыс іздеп, өзінің мектепте компьютерде бағдарламалау бойынша қабілеті бар екенін есіне алған. Сөйтіп IT саласы бойынша жұмысқа тұрған.

жұмыс орыны
Гарридің алғашқы жұмыс орыны. Фото: bigpicture.ru

Сандерсті жұмысқа қабылдаған компания оған жеке пәтер жалдауға шамасы жеткенше кеңседе тұруға рұқсат берген. Көп ұзамай Гарридің жағдайы жақсара бастаған. Ол тіпті хостелде жеке бөлме жалдауға мүмкіндік алған.

Гарри Сандерс
Фото: bigpicture.ru

Жас бағдарламаушының өмірі біртіндеп басқа арнаға түскен. Бір күні ол одан да көп нәрсеге қол жеткізе алатынын түсінген. Бос уақытында Гарри өзінің стартапын дамытумен айналысқан. Ол сәтті жүзеге асып, көп ұзамай табыс әкеле бастаған.

Гарри Сандерс
Фото: bigpicture.ru

Қазіргі таңда Гарри Сандерс жетістікке жеткен, болашағы зор жас кәсіпкер және миллионер атанды. Аустралиялық жігіт көп саяхаттайды, спортпен және шығармашылықпен айналысады, жұмысын да ұмытпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1983095-australiyalyq-kose-kezbesi-eki-zylda-qalai-millioner-atandy-foto/

pixel