Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әр елдің салты басқа": Әлем елдерінде үйлену тойында ұстанатын ерекше салт-дәстүрлерді білесіз бе

Опубликовано:

үйлену тойы
Жас жұбайлар. Көрнекі фото: pixabay.com

Әр елдің үйлену тойына қатысты салт-дәстүрлері әр түрлі. Кей елдерде мұндай әдет-ғұрыптың соңы салтаннатты шараға ұласса, ал кейбірінде жас жұбайларды сынау үшін пайдалануы мүмкін. KAZ.NUR.KZ дүниежүзі халықтарының тойға қатысты салт-дәстүрлерін назарларыңызға ұсынады.

Ұлыбритания: Үйлену тойындағы салт-дәстүрлер

Ұлыбританияда тойға қатысты салт-дәстүрлердің өз ерекшелігі бар. Сонымен қатар оларда – "тауық тойы" немесе той алдында қыз ойнақ жасайды. Бұдан басқа кейбір ағылшын дәстүрлері көптеген Еуропа елі мен АҚШ-та да сақталған.

  • Қалыңдық үстіне жаңа киіммен бірге ескі киімді де үйлестіріп, кию керек. Қалыңдықтың шашында көгілдір түсті зат болуы керек.
  • Ал қалыңдықтың аяқ киіміне "пенни" (ағылшын және фин монетасы) салынады, ағылшындар оны бақ-дәулет әкеледі деп санайды.

Сол сияқты болашақ жар қолындағы гүл шоғын той меймандарына лақтырып, она қағып алған ару көп ұзамай тұрмыс құрады деп есептеген.

Сонымен қатар ағылшындар той қонақтарына өздері қалайтын сыйлықтарды таратады екен.

Бали аралдары

Индонезия аралығындағы экзотикалық тойға көптеген турист қатысқысы келеді. Бали аралдарында тойдың сәнін тропикалық гүлдермен бірге айрықша салт-дәстүрлер де кіргізеді. Мысалы:

  • Қалыңдықты алып қашуға дайындалу
  • Неке қию үй храмында өтеді және оны жергілікті әулиелер ұйымдастырады.
  • Үйлену тойын жігіттің туыстары ұйымдастырып, барлық шығындарын өтейді. Қалыңдықтың ата-анасы тойға қатыспайды.
  • Неке қияр алдында жас жұбайларға бірнеше жаңа тіс cалып береді. Жергілікті халық мұндай әдісті олардың есейгендігін және отбасыны ашу, түрлі пәле-жаладан қорғайды деп есептейді.
Бали аралы
Үйлену тойы. Көрнекі фото: pixabay.com

Германия

Германияда үйлену тойына байланысты әдет-ғұрыптар Еуропа елдерінің салт-дәстүрлерімен ұқсас келеді. Алайда Германияда тек неміс халқына тән той дәстүрлері сақталған:

  • Үйлену тойының алдында "жан тойын" жасалып, үйдің алдында тойға шақырылған қонақтар әкелген ыдыс-аяқтарды сындырылады.
  • Сонымен бірге жас жұбайлар шабақтарды теріп, оның үстіне бұршақ себеді. Германия халқы бұл ғұрып жастарға денсаулық пен табыс әкеледі дейді.
  • Тойда киетін туфлиді қалыңдық тек өзі кішкентайынан жинап жүрген ақшасына алады. Бұл болашақ келіннің ақшаны үнемдей алатынын әрі ұқыпты ұстайнынын көрсетеді екен.
  • Той аяқталғаннан кейін жас жұбайлар арамен бөренені кеседі. Бұл жас жұбайлар отбасылық мәселелерді біріге отырып, шеше алады деген сөз.

Сонымен бірге немістерде тойға қатысты кейіннен қалыптасқан тағы бір дәстүр бар. Ол – жастар үйленер алдында бірнеше түп раушан гүлін отырғызу керек деген дәстүр. Германия халқы осы арқылы ерлі-зайыптылар үйленген күнін еске алып отырады деп сенеді.

Үндістанның той дәстүрлері

Үндістанда жас жұбайларға тек ата-анасы рұқсат еткен кезде және болашақ ерлі-зайыпты жұлдыз жорамал бойынша бір-біріне сәйкес келген уақытта ғана рұқсат беріледі. Үйлену тойына үнділер жүздеген қонақ шақырады және келген меймандарды той иелері баспана ұсынып, қонақ қылып күтеді. Үйлену тойы алдында Үндістанда мынадай салт-дәстүрлер жасалады:

  • Куркума пастасымен беттері сүртіледі, жергілікті халық осы пастадан кейін жастардың бет терісі жұмсарады деп сенеді.
  • Қалыңдықтың қол-аяғына қынамен ұлттық оюлардың суретін салады. Сурет неғұрлым қоб түсте болса, соғұрлым жұбайлар бақытты болады деген сенім бар. Сондай-ақ үнділерде жастардың қолын гүлден жасалған гирляндымен бірге байлап қояды.
Той
Фото: TIM STEWART NEWS LIMITED

Қытай

Қытайда да жұлдыз жорамалға қатты сенеді. Құдалар алдын ала қалыңдық пен оның туыстары жайлы біліп, жұлдыз жорушылардың көмегіне жүгінеді. Егер екі жас жұлдыз жорамал бойынша үйлессе, онда неке қию күнін белгіленеді. Ал кейде жұлдыздар неке қиюды бірнеше жылға шегеруге «кеңес береді».

Үйлену тойына бір ай қалғанда қалыңдық жақ қызды сағынатындарын айтып, оған сыңсу орындай бастайды. Бұған қоса қалыңдық пен оның туыстары, құрбылары да болашақ жармен бірге жылап, іштегі сағынышын шығарады екен. Дәстүр бойынша тойға дейін неғұрлым көп жыласа, қалыдың отбасылық өмірде соғұрлым аз жылайды деген сенім бар.

Қыздың жасауы жігіт жаққа алдын ала апарылатын көрінеді. Егер қыз жасауы келмесе, демек қалыңдық тұрмыс құрудан бас тартады деген сөз. Үйлену тойы мынадай дәстүрлермен ерекшеленеді:

  • Қалыңдық алқызыл киім киеді, ал бас киімі қыздың әйел өміріне аяқ басатынын көрсететін феникс құсының пішінінде болады екен.
  • Ал күйеу жігіт үстіне айдаһары бар киім киеді, бұл оның отбасылық өмірге қадам басқандығының белгісі болып табылады.
  • Жастарды үйде көңілді әуен және отшашумен қарсы алады, осы арқылы қытай халқы зұлымдарды қорқытамыз деп ойлайды.

Жалпы әлем елдерінде бұдан басқа да үйленуге байланысты көптеген дәстүр бар. Қандай дәстүр болса да, олардың басты құндылығы - жас жұбайлар бір-бірін сыйлап, ерлі-зайыптылардың үлгілі отбасы болуына ықпал ету.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1990032-ar-eldin-salty-basqa-alem-elderinde-uilenu-toiynda-ustanatyn-erekse-salt-dasturlerdi-bilesiz-be/

pixel