Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Исламда зинақор әйел мен еркектің жазасы туралы не айтылады

Опубликовано:

Әдемі
Көрнекі фото: pixabay.com

Шариғатта зина жасау ауыр күнә деп белгіленген. Осы ретте зина жасаған адамдардың жазасы қандай болмақ? KAZ.NUR.KZ аталған сауалға жауап іздеп көрді.

Muftyat.kz ұсынған мәліметке сәйкес, Шариғатта зина жасаған адамды «зинақор» деп атайды екен. Ол жөнінде аталған жарияланымда былай деп жазылған:

"Енді зина етушінің ақыреттік жағдайы да жақсы болмайтынын ұмытпауымыз керек. Алланың харам еткен амалын жасаған пенде оның жазасын алары сөзсіз. Сондықтан Ислам діні бізге некелесіп, Алланың құзырында адал некемен отбасы құруымызды бұйыруда.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) зинаның бұ дүниелік және о дүниелік зардабы жайында былай деп ескерткен:

"Ей, адамдар! Зинадан сақтаныңдар. Өйткені зинаның алты үлкен зияны бар. Оның үшеуі осы өмірде, үшеуі ақыретте. Осы дүниедегі көретіні: жүздің ажары мен нұрын кетіреді, кедейлікке ұшыратады, өмірін қысқартады. Ақыретте көретіні: Алланың ашуына себеп болады, сұрағы қатты болады, тозақ азабына тартылады» (Тәнуирул-әзхан мин тәфсири рухул-баян). Сол секілді зинақордың ақыреттегі азабы тозақ оты екендігі мына бір хадисте де айтылады: "Зина етушінің жүзі тозақта жанатын болады" (Табарани).

Ер мен әйел адамның араздасуы. Көрнекі фото
Ер мен әйел адамның араздасуы. Көрнекі фото: pixabay.com

Мақала авторы өкіл имам Қуаныш Наржановтың айтынша зина жасау –арсыз да күнәлі іс. Бұл жөнінде имам былай деген:

"Алла жүректерімізге иман байлығын берсін. Мұндай арсыз істен бойымызды аулақ ұстайық, ағайын. Алла Тағала біздерге бөгде әйелге назар салуға болмайтынын былай ескертуде: "Ей, Мұхаммед! Мүміндерге айт, бөгде әйелдерге сұқтанып қарамасын, көз сүзбесін, ұятты жерлерін ашпасын. Олардың осылай еткені жақсы. Шынында Алла олардың бар қылықтарын байқап тұрады. Мүмін әйелдерге айт, жат еркекке көз сүзбесін, ұятты жерлерін жапсын..." («Нұр» сүресі, 30-31 аят).

Зина жасау ‒ мүміннің рухани жан дүниесін құрдымға жетелейтін арсыз іс. Адам зина жасаған сәтінде мүмін ретінде зина етпейді және шынайы мұсылман мұндай әрекетке бармайтыны жайында хадистерде былай дейді: «Зина жасаған кісі зина жасаған кезде мүмін ретінде зина етпейді» (имам «Бұхари»). «Бір құл зина еткен кезде иманы одан шығып, бұлт секілді басының үстінде тұрады. Зина жасап болған соң, иманы қайта өзіне қайтады» (Әбу Дәуіт, Тирмизи)»,-деп көрсеткен.

Ал "Sputnik Қазақстан" басылымы ұсынған мақалаға сәйкес, зина жасаған адамның жазасы да ауыр екен. Бұл жөнінде басылым материалында былай деп жазылған:

"Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің басқа бір хадисінде былай деген:

"Зинақор еркек пен зинақор әйелдер қабірде таңдыр пеші іспетті пешке салынып, астарынан от жағылады. От алаулап астарынан жанған сайын, ішіндегілер шыңғырып, бақырады".

Демек, зинашының жазасы қабірге кіргеннен, қайта тірілу сәтіне шейін жалғаспақ. Қиямет қайым болғаннан соң да олар тозаққа тасталып, ол жерде жантүршігерлік азапты татады екен.

Сондықтан да, ақыреттен үміті бар әрбір жан ондай күнәдан бойды аулақ ұстағаны жөн. Ал нәпсінің жетегінде кетіп, зинаға барып қойған кісілер өз-өздерін тыйып, тәубеге келулері шарт" деп жазылған басылымда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1992760-islamda-zinaqor-aiel-men-erkektin-zazasy-turaly-ne-aitylady/

pixel