jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Мысыр археологтары алтын тілді мумиялар тапты (фото)

Мысырдан табылған мумиялардың алтыннан жасалған тілі
Мумияға тиесілі алтын тілдер. Фото: News.cn

Ніл өзенінің сағасында орналасқан Минуфия провинциясындағы ғибадатханада жұмыс істейтін мысырлық археологтар алтын тілді бірнеше мумия тапты. Бұл туралы елдің Туризм және көне жәдігерлер министрлігі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Министрлік мәлімдемесінде әр түрлі дәуірлерге, соның ішінде соңғы династиялық және Эллинизм дәуіріне жататын қабірлерден аузына тіл формасындағы алтын салынған бірнеше мумия табылғанын атап өткен.

Сондай-ақ министрлік мумиялардың нашар сақталғанын, бұл бейіттердің тоналғанын білдіретінін айта кеткен.

Алтын тілді мумиялар табылған қабір
Алтын тілді мумиялар табылған қабір. Фото: News.cn

Сонымен қатар қабірлерден алтын парақтарға оралған бірнеше қаңқа, адам пішіндегі бірнеше ағаш саркофаг, қыш-құмыра бұйымдары және мумияға айналдыру арналған материалдар табылған.

Археолог Бахаа әл-Нагар Синьхуа агенттігіне берген сұхбатында ғалымдар "тілдер марқұмның ақыретте сөйлей алуын қамтамасыз ету үшін алтыннан жасалған" деп санайтынын жеткізді.

Оның сөзінше, ертеде билеушілер бетперделерін, саусақтары мен тілдерін алтынмен безендірген, өйткені бұл мәңгі жарқырап тұратын метал.

Алтын тілді мумиялар табылған қабір
Алтын тілді мумиялар табылған қабір. Фото: News.cn

Мысыр археологтары алтын тілді мумиялар тапты (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.