jitsu gif branding logo appbranding logo app

Иранда сирек кездесетін ақ арыстан абданы дүниеге келді (фото)

Ирандағы ақ арыстан абданы
Ақ арыстан абданы. Фото: Іrna.ir/news

Иранның Карадж қаласындағы қорғалатын саябақта сирек кездесетін ақ арыстан абданы дүниеге келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ИРНА ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Альборз провинциясының қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы Маджид Даргидің айтуынша, Карадж қаласына осыдан үш жыл бұрын Оңтүстік Африкадан екі ақ арыстан әкелінген.

Жақында оның Дена есімді ұрғашысы күшіктеп, абадан дүниеге келген. Жаңа туған абданға Сана есімі берілген.

Маджид Даргидің сөзінше, абданды анасы аяқ астынан емізуден бас тартқанымен, жағдайы жақсы.

Қазір оны саябақтың тәжірибелі ветеринарлары қолдан тамақтандыруда.

Иранда сирек кездесетін ақ арыстан абданы дүниеге келді (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.