jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Германиядағы фермада алты аяқты қозы туды

Германияда туған алты аяқты қозы
Алты аяқты қозы. Видеодан кадр: "Мир 24" телеарнасы

Германиядағы фермада алты аяғы бар ерекше қозы туды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "МИР 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Қозыға Долли деген есім берілген, ол фермада ең соңғы болып туған. Басында оған тұру және тамақтану қиынға соққан. Қозыға көмектесу үшін фермер оның бір аяғын таңғышпен байлап қойған.

Физикалық кемшілігіне байланысты енесі қозыдан бас тартуы мүмкін деген қорқыныш болған көрінеді. Бірақ олай болмай шықты. Керісінше, енесі оған қамқорлық танытып, сүйіспеншілік көрсеткен.

Ветеринарлар тексергеннен кейін Доллидің денсаулығында басқа проблема жоқ екені анықталған. Ал оның артық аяқтарымен не істеу керектігін мамандар әлі шешпеген.

"Егер бізге екі аяқты кесу керек болса, жақсы болар еді. Бірақ біз ол отадан кейін жақсы дами ала ма, жоқ па, оны білмейміз. Бірақ қалай болғанда да, біз Доллидің қалыпты өмір сүретініне сенімдіміз", – дейді фермер Бернхард Тинтер.

Мамандардың пікірінше, қозы жәндіктер тарататын Шмалленберг вирусына байланысты алты аяқты болып туған. Вирус жүкті жануарларға жұққан кезде жатырға еніп, кейіннен эмбрионның дамуында ақаулар тудыруы мүмкін көрінеді.

Германиядағы фермада алты аяқты қозы туды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.