jitsu gif branding logo appbranding logo app

Бүгін еліміздің ең ірі үш қаласында ауа райы қандай болмақ

Бүршік жарған гүлдер
Гүл атқан ағаш.Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер бүгін, 18 наурызда Алматы мен Астана және Шымкент қаласында күтілетін ауа райы туралы айтты, деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматыда ауа райы болжамына сәйкес, бүгін жаңбыр мен қар түріндегі қысқа мерзімді жауын-шашын күтіледі. Мегаполисте күн райы суытады деп болжануда. Күндіз термометр 0...+2 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр болады.

Ал Астанада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Көшпелі бұлт шығуы мүмкін. Елордада күндіз ауа температурасы 0...+2 градус жылы болады. Облыста желдің жылдамдығы секундына 2-7 метрге жетеді деп күтілуде.

Синоптиктер шымкенттіктерге бүгін ауа райы жауын-шашынсыз, жылы болатынын айтты. Өңірде күндіз ауа температурасы +18...+20 градусқа дейін жетеді деп уәде беріп отыр. Дегенмен, қалада желдің жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Бүгін еліміздің ең ірі үш қаласында ауа райы қандай болмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.