Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жуыну бөлмесіне дейін бар": Батыс елдеріндегі киіз үйлер туралы не білеміз

Опубликовано:

Монтанадағы киіз үй
Киіз үй. Скриншот: YouTube / Lucas_LydiaTV

Батыс елдерінде киіз үй саяхатшылар арасында ерекше танымалдыққа ие. Осы орайда KAZ.NUR.KZ Швейцария мен АҚШ-та көптің назарына іліккен киіз үйлер туралы ақпаратты назарға ұсынады.

Киіз үй батыста қалай танымал болды

Kulturologia.ru сайтындағы ақпаратқа сенсек, 20 ғасырдың 60-70 жылдары аралығында киіз үй батыста ерекше сұранысқа ие бола бастаған. Бүл кезеңде еркіндікті жақсы көретін адамдар шулы қала тіршілігі мен күйзелістен арылу мақсатында киіз үйді бостандық символына айналдырған.

Жалпы батыста киіз үйді танымал еткен Уильям Копертуэйт болатын. Ол 1962 жылы жоғарғы сот судьясы Уильям Дугластың демалыс сапары барысында моңғол киіз үйінде тұрақтағаны жайлы газеттен мақала оқиды. Мақала Копертуэйтке ерекше әсер қалдырғаны соншалық, ол өз қолымен киіз үй тұрғызып, сонда өмір сүру шешімін қабылдайды. Тіпті киіз үйдің өндірісімен де айналысуға бел буады. Нәтижесінде оның ізбасарлары пайда болып, Уильям Yurt Fund (Киіз үй фонды) атты коммерциялық емес қоғамдастығын құрады.

Қазіргі таңда арнайы демалыс орындарына арналған киіз үйлер жасайтын компаниялар көп. Курорттық мекемелердің өкілдері киіз үйлер дәстүрлі кэмпингті жаңа деңгейге көтерді дейді.

Швейцариядағы киіз үй

Жақында Alternative House ютуб арнасының авторлары, саяхатшылар Роман және Иоана Швейцарияда түрлі баламалы үйлерге шолу жасап, киіз үйде тұратын әйелдің өмірін назарға ұсынды.

Моңғол киіз үйі
Киіз үй. Скриншот: Alternative House Youtube арнасы

Amazing Yurt – Full Tour (Керемет киіз үй – толық тур) атты бейнежазбада заманауи стильде рәсімделген дәстүрлі моңғол киіз үйі көрсетілген.

Жаңа үлгідегі киіз үй
Киіз үй. Скриншот: Alternative House Youtube арнасы

Бұл киіз үйдің дәстүрлі киіз үйден аздаған айырмашылығы бар екенін аңғаруға болады. Мысалы, түндікпен жабылатын шаңырағы жоқ болғандықтан, ол кішкентай жалпақ үй сияқты көрінеді. Оның үстіне киіз үй жерде емес, ағаш тақтайшалардың үстінде тұр. Мұндай киіз үйді тез жинап алу қолайсыз екені сөзсіз. Десе де табиғатта, таза ауада демалу үшін бар ыңғайлықтары бар.

Киіз үйдің іші
Киіз үй. Скриншот: Alternative House Youtube арнасы

Киіз үйге электр қуаты шағын электр блогы арқылы беріледі. Үйге құбыр тартылмағандықтан, су тартқыш шүмектен ағатын су фильтрден өткізілетін арнайы контейнерде сақталған.

Киіз үйдің іші
Киіз үй. Скриншот: Alternative House Youtube арнасы

Киіз үй айтарлықтай үлкен емес. Ас әзірлейтін үстелінің ұзындығы шамамен 2.13 метр. Осылайша дөңгелек үйде әр дүниеңіз қолсозым жерде тұрады.

Киіз үй шаңырағы
Киіз үй. Скриншот: Alternative House Youtube арнасы

Суретте киіз үйдің шаңырағы жоқ екені көрініп тұр. Баспана иесі Грюдің айтуынша, киіз үй шығармашылық стильде жасалғандықтан, түндікпен жабылатын шаңырақтың орнына, шаңрыққа ұқсатылған терезе қойылған. Ал ас әзірлеу кезінде бу сыртқа шағын электр вентиляциясы арқылы шығады.

АҚШ-тағы екі бөлмелі киіз үй

АҚШ-тағы саяхатшы жұп Лукас пен Лидия болса, Монтана штатындағы Флэтхед көлінің маңында орналасқан заманауи үлгідегі курорттық киіз үйге қоныстанды.

Қонақүй тәріздес киіз үй
Киіз үй. Скриншот: Lucas_LidiaTV Youtube арнасы

Бұл киіз үй дәстүрлі киіз үй моделінен қатты алшақтаған. Сырты да, іші де кәдімгі бір қабатты коттедждерге ұқсатып жасалған.

Флэтхед көлі
Табиғат. Скриншот: Lucas_LidiaTV Youtube арнасы

Іші қымбат қонақүй бөлмелеріндегідей барлық заманауи қажеттілікпен жабдықталған.

Қонақүй тәріздес киіз үй
Киіз үй. Скриншот: Lucas_LidiaTV Youtube арнасы

Киіз үйде микротолқынды пеш, тоңазытқыш сынды ас үй техникасының барлық түрі бар.

Жаңа үлгідегі киіз үй
Киіз үй. Көрнекі сурет: Lucas_LidiaTV Youtube арнасы

Ал жатын бөлмесіне кең төсек қойылып, тіпті әжетхана мен жуыну бөлмесіне дейін қарастырылған.

Жаңа үлгідегі киіз үй
Киіз үй. Көрнекі сурет: Lucas_LidiaTV Youtube арнасы

Airbnb сайтында киіз үйдің иесі мынадай ақпарат жария еткен:

"Бұл екі бөлмелі киіз үй жеке фермамызда Флэтхед көлінің солтүстік шетіндегі жекеменшік жолдың бойында орналасқан... Екі жатын және бір жуынатын бөлме, кір жуғыш және кептіргіш құрылғылары, Miele техникасымен жабдықталған толық ас үй, асханасы мен қонақ бөлмесі бар. 855 шаршы метрде рахаттана демалыңыз!", – деп жазған киіз үйідің Линда есімді иесі.

Терезедегі көрініс
Киіз үй. Көрнекі сурет: Lucas_LidiaTV Youtube арнасы

Бұл киіз үйдің ерекшелігі – оның ұтымды жерде орналасуы. Монтана штаты расымен жасыл көгал табиғатымен, таулы аймақтарымен, флора, фауна түрлілігімен танымал.

Әйнекті шаңырақ
Киіз үй. Көрнекі сурет: Lucas_LidiaTV Youtube арнасы

Мәселен, Монтанада орналасқан Глейшер Ұлттық паркі americantravel.ru турагенттік сайтының мәліметінше шамамен 1,4 миллион акр шөлді мекенді және АҚШ батысындағы көрікті тауларды қамтиды.

Глейшер Ұлттық паркі. АҚШ, Монтана штаты
Жабайы табиғат. Көрнекі сурет: Flickr.com сайты

Осылайша таңғажайып флора, фауна мен таулы пейзаждың үйлесімді көрінісіне қанық бола аласыз. Мұндағы мұзайдын АҚШ-тағы ең таза экожүйелердің бірі саналады.

Америкалық бизон
Бизон. Көрнекі сурет: Lucas_LidiaTV Youtube арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2014157-zuynu-bolmesine-deiin-bar-batys-elderindegi-kiiz-uiler-turaly-ne-bilemiz-foto-video/

pixel