jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

"Мармеладқа ұқсайды": астаналық бойжеткен жаңбыр құртын жеуге әуестенген

Үстелде жатқан жаңбыр құрты
Жаңбыр құрты. Фото: pxfuel.com

23 жастағы Яна Мазуренко жаңбыр құртының дәмін ерекше деп санайды және кейде ас ретінде қабылдауға әуестенген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Астана қаласының тұрғыны Яна Мазуренко Еуразия бірінші арнасына берген сұхбатында жаңбыр құртын бала күнінен бері жеуге үйренгенін айтқан. Оның сөзінше, бойжеткен құрттарды асына қосу үшін көбіне оларды үй ауласында орналасқан бау-бақшасынан іздейді.

"Дәмі піспеген макарон сияқты. Бірақ шайнаған кезде қытырлайды әрі жұмсақ, мармеладқа ұқсайды... Жаздың күні бау-бақшадан теріп алғанмын, ал қазір сатып алудан басқа амал қалмады, сайтта сатады екен. Негізі қыстыгүні олардың бағасы қымбаттай түседі", – деді ол.

Жаңбыр құртынан құралған рацион денсаулыққа қалай әсер ететіні жайлы гастроэнтролог, Гүлмира Думык айтып берді.

"Құрттарды жей отырып, адам өзінің ағзасына паразиттерді кіргізіп жіберуі ықтимал. Ал адамның ішіне түскен паразиттер ішінде өмір сүре береді. Осылайша адамның ағзасы одан да ауыр зақымдануы мүмкін", — деп ескертті ол.

"Мармеладқа ұқсайды": астаналық бойжеткен жаңбыр құртын жеуге әуестенген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.