Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та сағат тілін білмейтін студенттердің қарасы көбейіп жатқаны қызу пікірталас тудырды (видео)

Опубликовано:

Сағат тілі
Сағат. Көрнекі сурет: Pixabay.com

АҚШ-та колледж студенттері арасында жүргізілген сауалнаманың видеосы көпшілік арасында пікірталас тудырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

АҚШ-та колледж студенттерінен "сағат тілі нешені көрсетіп тұрғанын сұраған?" жігіттің видеосы көпшіліктің қызу талқысына түсті. Видеоны jvhnseo атымен тіркелген желі қолданушысы Instagram парақшасында жария еткен.

Видеода сауалнамаға қатысқан студенттердің дені сағат неше екенін дөп басып айта алмаған.

"Бауырым, мен мұндай сағат түрін бұрын-соңды көрген емеспін", - деп жауап берді оқушылардың бірі.

Видеоны көрген желі қолданушыларының басым бөлігі колледждерде мұндай жағдай кең етек алғанын растады.

"Мен колледжде жұмыс істеймін. Осындай жағдай белең алып жатқаны рас", "Калифорнияда мұғаліммін. Көптеген студент сағаттың тіліне қарап уақытты айта алмайтыны рас, өйткені сағат тілін үйрету біздің оқу жоспарымызда қарастырылмаған (немесе оған аса қатты назар аударылмайды). Менің ойымша бұл енді аса қажет дағды емес сияқты...", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Десе де бес саусақ бірдей емес деп санайтын өзге желі қолданушылары сағат тілін білмейтін оқушылардың қарасы көбейіп жатқанына сенімсіздік танытты.

"Мен бұл арнайы сценарий бойынша түсірілген видео деп ойлаймын", "Бұл өтірік, жай ғана әзіл болар", "Қазір көптеген мектепте цифрлық сағаттар бар. Бірақ менің мектебімде әлі де сыныптарымызда осындай сағат түрі қойылған. Оны үйрету оқу бағдарламамызда жоқ болғанымен, мен әлі де 2-сынып оқушыларына сағат тілін білуді үйретіп жүрмін", - деп жазған өзге пікір қалдырушылар.

Қызу пікірталасқа басқа елдің өкілдері де қосыла кетті.

"Мен өзімді кәрі адамдай сезініп отырмын. Үндістанда әр үйде осындай сағат бар, тіпті жұмысқа немесе сабаққа кешігіп қалмау үшін 10 минут артта тұрады", - деп жазған үндістандық бойжеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2014969-aqs-ta-sagat-tilin-bilmeitin-studentterdin-qarasy-kobeiip-zatqany-qyzu-pikirtalas-tudyrdy-video/

pixel