jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Көршісінің мыңнан астам тауығын шошытып, қырып кеткен азамат түрмеге қамалып тынды

Құс фермасындағы тауықтар
Құс фермасындағы тауықтар. Көрнекі сурет: Pexels.com

Қытайда Гу есімді азамат кек алу мақсатында түнде көршісінің тауықтарын үркітіп, оған айтарлықтай материалдық шығын келтірген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CNN арнасына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, оқиға 2022 жылдың сәуір айында болған. Көршісімен өштескен ер адам түнде оның тауықтарын үркітуді әдетке айналдырған. Әбден үрейі ұшқан тауықтар түгелдей қырылып қалған.

"Оқиға Гу мен көршісі Чжун арасындағы жанжалдан кейін болып отыр. Сотталушының көршісі оның меншігіндегі ағаштарды рұқсатынсыз шауып тастаған", - деп жазады қытайлық БАҚ.

Қытайдың орталығындағы Хунань провинциясының Хеньян аудандық соты Гудың кек алу мақсатында көршісінің құс фабрикасына бірнеше рет түнде ұрланып кіріп, шамның жарығымен тауықтардың зәресін ұшырғанын анықтады.

Салдарынан 500 тауық қырылып қалған. Ер адам 3000 юань көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелігенімен, ол заңсыз әрекеттерін тоқтатпаған. Гу көршісінің құс фермасына тағы да кіріп, бұл жолы 640 тауығын қырып кеткен.

Қытай соты көршісіне келтірілген шығынның жалпы сомасын 13 840 юаньға (шамамен 900 000 теңге) бағалады. Құқық бұзушы бір жылдық сынақ мерзімімен алты айға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі айыпталушының өз ісіне өкінетінін ескере отырып шығарылды.

Көршісінің мыңнан астам тауығын шошытып, қырып кеткен азамат түрмеге қамалып тынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.