Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Афро" стиліндегі ерекше қалың шашын 24 жыл бойы өсірген әйел рекорд орнатты

Опубликовано:

Эвин Дугас, 2010 жылы
Эвин Дугас 2010 жылы. Фото: guinnessworldrecords

2010 жылы АҚШ-тағы Луизиана қаласының тұрғыны Эвин Дугас әлемдегі ең сәнді афро шаш үлгісі үшін Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын. Жақында Дугас қайта рекорд жаңартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ guinnessworldrecords.com сайтына сілтеме жасап.

2020 жылы Дугастың алғашқы рекордын Симон Уильямс жаңартқан болатын, бірақ жуырда 47 жастағы Эвин қайта Гиннестің кітабына енді. Оның "афро" шаш үлгісінің биіктігі 25 сантиметр, ені 26,42 сантиметр, ал шеңбері 165 сантиметр.

Эвин шаш күтіміне арналған химиялық заттарды зиян деп санайды. Ол ешқашан шашын тіктеп көрген емес. Әйел қалың шашына жұрттың назар аударатынына үйреніп қалған. Бірақ сәнді шаш үлгісіне тамсанып қана қоймай, ұстап көргісі келетін адамдарды жақтырмайды.

Ол рекордты жаңарту үшін 24 жыл бойы шашына қайшы жолатпаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2016326-afro-stilindegi-erekse-qalyn-sasyn-24-zyl-boiy-osirgen-aiel-rekord-ornatty-video/

pixel