jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

"Қоянға ұқсап қалдым": тіс дәрігерінің жұмысы көңілінен шықпаған ару мұңын шақты (фото)

Стоматология
Стоматология. Көрнекі сурет: pixabay.com

Уақытша салдырған тісі көңілінен шықпаған америкалық ару Tik-tok парақшасында көпшілікке мұңын шақты, деп жазады KAZ.NUR.KZ The Sun сайтына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, тісін емдетіп жүрген Нью-Йорк қаласының тұрғыны Эмили Биллингске тіс дәрігері уақытша екі тіс салып берген.

Алайда тіс дәрігері оған акрилді протездерді сары түстен салып берген екен.

Эмилидің айтуынша, сары протездер өзінің табиғи тістерінің жанында жасанды екені анық көрінеді.

"Бұл уақытша тіс болса да, көңілімнен шықпайды. Өйткені қоянға ұқсап қалдым. Сақауланып сөйлегенде тұрған ештеңе жоқ, алайда мына протезім тым үлкен және ыңғайсыз", - дейді ол желіде жариялаған видеода.

Видеоға пікір білдірген желі қолданушыларының дені бұл жағдайға тіс дәрігерін кінәлаған.

"Мен 7 жыл бойы тіс дәрігерінің көмекшісі болдым және ешқашан біреудің бұлай кетуіне жол бермес едім", "Сен былай да әдемісің, бірақ мен сенің орныңда болсам оны шешкенше маска киіп жүруші едім", - деп жазған олар.

Ал Эмили бұл жағдайдан кейін уақытша протезін шешкенше үш апта бойы аузын ашып, сөйлеуге ұялғанын айта кетті.

Пасха қоянына ұқсап қалған бойжеткен
Эмили Биллингс. Скриншот: TikTok / @isaidwoahhhhh

"Қоянға ұқсап қалдым": тіс дәрігерінің жұмысы көңілінен шықпаған ару мұңын шақты (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.