Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлеммен байланысын үзіп, 500 күн бойы үңгірде тұрған әйел 60 кітап оқып шыққан (видео)

Опубликовано:

Беатрис Фламини
Беатрис Фламини. Видеодан кадр: instagram.com/newshortv

Экстремалды спорт түрлерімен айналысатын испаниялық Беатрис Фламини 500 күннен кейін үңгірден шықты. Ол осы уақыт аралығында мына әлеммен байланысын үзіп, үңгірде жалғыз өзі өмір сүрген. Бұл жаңа әлемдік рекорд ретінде тіркелуі мүмкін, деп хабарлайды BBC-дің Орыс қызметі.

Басылымның жазуынша, Беатрис Испаниядағы Гранада үңгіріне бүкіл әлем COVID-19 ауруының шырмауында болған кезде яғни 2021 жылы түскен.

Бұл ғалымдар жіті қадағалаған эксперимент болған.

"Мен әлі сол 2021 жылғы 21 қарашада қалып қойғандаймын. Себебі, әзірге әлемде не болып жатқанын тіпті, хабарым жоқ", - дейді ол үңгірден шыққан кезде.

Қазір Беатрис Фламини 50 жаста. 48 жасында үңгірде түскен спортшы ол жерде жалғыз өзі туған күнін екі рет атап өткен.

Сондай-ақ Беатрис 70 метр тереңдікте өткізген 500 күнде сурет салумен, бас киім тоқумен, кітап оқумен және спортпен айналысқан. Осы аралықта ол 60 кітап оқып, 1000 литр су ішкен.

Спортшыны қашықтықтан дәрігер-психологтар, үңгірлерді зерттеумен айналысатын спелеологтар бақылап отырған. Алайда олардың ешбірі Беатриспен тікелей байланыспаған.

Беатрис үңгірдегі ең жағымсыз оқиға ретінде шыбындарға таланғанын және есту қабілетінің галлюцинацисы болғанын атап өтті.

"Айналаның бәрі тып-тыныш. Егер өз-өзіммен сөйлеспей қалсам, онда ми қандай-да бір жалған дыбыстардың шығып жатқанына сендіре бастайды", - дейді ол.

Басылымның хабарлауынша, ғалымдар бұл экспериментті әлеуметтік оқшаулану кезінде адамдардың уақытты қалай қабылдайтынын зерттеу үшін жасаған.

Беатристің өзі де, үңгірге түскеннен кейін екі айдан кейін күн санауды қойғанын, ал жарыққа шыққанда үңгірде 160-170 күндей болдым деп ойлағанын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2016900-alemmen-bailanysyn-uzip-500-kun-boiy-ungirde-bolgan-aiel-60-kitap-oqyp-syqqan-video/

pixel