Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дельфинді тамақтандырғысы келген ер адам айыппұл арқалады (фото, видео)

Опубликовано:

Дельфинге тамақ беріп тұрған балықшы
Дельфинге тамақ беріп тұрған ер адам. Скриншот: Youtube / News.com.au

Австралиядағы Квинсленд қаласының тұрғыны дельфинді тамақтандырамын деп келеңсіз жағдайға тап болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ 9news сайтына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, балықшы қайығының қасына жүзіп келген дельфинді тамақтандыруды ұйғарып, оған балық берген. Бұл сәт видеоға түсіріліп, кейін әлеуметтік желіде тараған.

Алайда жабайы табиғат департаментінің қызметкерлері ер адамға алғыс айтудың орнына 431 доллар айыппұл салған.

Дельфинге тамақ беріп тұрған балықшы
Дельфинге тамақ беріп тұрған ер адам. Скриншот: Youtube / News.com.au

Басылымның хабарлауынша, Австралияда негізі заң бойынша дельфиндерді тамақтандыруға тыйым салынады, өйткені "теңіз тұрғындары" адамға тез үйреніп, алдағы уақытта басқа да қайықтарға жүзіп келуі мүмкін.

Сондай-ақ олар ірі кемелерге соқтығысып, тіпті, өздеріне зақым келтіруі ықтимал. Сондықтан қайықпен дельфиндерге тек 50 метр қашықтыққа жақындауға болады.

Енді балықшы бұл әрекетіне өкініп, өзгелерді де өз қателігін қайталамауға шақырып отыр. Ол дельфиндерді тамақтандыруға тыйым салынғанын және мұның салдары қандай екенін білмегенін айтады.

Ал жабайы табиғат департаменті табиғатты қорғау бойынша заңдарды бұзғаннан жануарлар ғана емес, адамдар да зардап шегуі мүмкін екенін еске салды.

Осылайша, жануарларды қорғау басқармасы жан-жануарлар әлемі мен табиғи ресурстарды болашақ ұрпаққа сақтап қалу үшін бекітілген ережелер мен заңдарды қатаң түрде сақтауға және бұзбауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2017253-delfindi-tamaqtandyrgysy-kelgen-er-adam-aiyppul-arqaladyt-foto-video/

pixel