Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кенияда паранжа киген ер адам әйелдер арасындағы шахмат турниріне қатысқан

Опубликовано:

Паранжа жамылып алған ер адам әйелдер арасындағы шахматқа қатысқан сәті
Шахмат партиясының алдында отырған Стэнли Омонди. Фото: odditycentral.com

25 жастағы Стэнли Омонди қаржылық қиындыққа тап болып, Кения елінде жуырда әйелдер арасында өткен шахмат турнирінде 2400 фунт стерлинг (3000 доллар) бас жүлдені ұтып алғысы келген. Бірақ ол қулығын іске асыра алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ odditycentral.com сайтына сілтеме жасап.

Күдік тудырмас үшін ер адам көзі мен аяғы ғана көрінетіндей етіп паранжа киген және Millicent Avour деген өтірік атпен тіркелген. Турнир ұйымдастырушылары алғашында ештеңе байқаған жоқ, бірақ оның кейбір танымал әйел ойыншылармен ойнаған кездегі таза жеңістері федерацияның назарын аударған.

Паранжа жамылып алған ер адам
Паранжа жамылып алған ер адам. Фото: odditycentral.com

"Алғашында бізде ешқандай күдік болған жоқ, өйткені хиджаб кию қалыпты жағдай деп саналады", - деді Кения шахмат федерациясының президенті Бернард Ванджала BBC Africa арнасына берген сұхбатында.

Федерация қатысушының тым мықты ойнағаны олардың назарын аударғанын айтты.

Ер адам қарсыластарын бірінен соң бірін жеңе берген. Турнир ұйымдастырушылары Миллисент Авурдің ер адам екенін тек төртінші раундтан кейін түсінді. Ақырында Омонди өз іс-әрекетін мойындап, бар болғаны қаржылық мәселесін шешкісі келгенін айтты.

Ер адамның ісі Халықаралық шахмат федерациясына қарауға жіберілді. Ал көпшілік оны бірнеше жылға барлық ресми шахмат жарысынан шеттетуді талап етуде.

Паранжа жамылып алған ер адам
Паранжа жамылып алған ер адам. Фото: odditycentral.com

Стэнли кешірім сұрағанына қарамастан Кения шахмат федерациясы ереже бұзған адамды қатаң жазалауды көздеп отыр. Тәртіп ісі жөніндегі комитет ер адам турнирде жеңіске жету мақсатында жынысын өзгертіп, өтірік атпен турнирге қатысқаны үшін оған қандай жаза қолдану керектігін қарастыруда.

Омондидің әйелдер арасындағы шахмат турниріне қатысуы сәтсіз аяқталғанына қарамастан, оның оқиғасы әлем бойынша БАҚ-та резонанс тудырып, шахмат қоғамдастығында қызу талқыға түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2017960-keniyada-paranza-kigen-er-adam-aielder-arasyndagy-saxmat-turnirine-qatysqan-foto/

pixel