Әлемде бойы ең қысқа 20 жастағы ирандық жігіт туралы не білеміз
Жарияланған күні:
20 жастағы ирандық Афшин Гадерзаде дүниежүзіндегі ең аласа бойлы адам, жуырда ол әлемдегі ең кішкентай қол иесі екені анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ guinnessworldrecords сайтына сілтеме жасап.
Афшиннің жалпы бойы 65,24 сантиметр, сол қолы 6,7 см, ал оң қолы 6,4 см. Яғни оның қолы кәдімгі ересек ер адамнан үш есе қысқа.
Аласа бойы мен қолының өлшеміне қарамастан, Афшин әлеуметтік желілер мен теледидар арқылы танымалдыққа ие болды. Оның күлкілі бейнелері мен комедиялық скетчтері үлкен аудитория жинап, бүгінде ол әлемді шарлауда.
Афшин Солтүстік Иран елінде өсті және бойына байланысты мектепке бара алмайтын. Ал есейген соң жұмыс іздеуі қиынға соқты.
Барлық қиындыққа қарамастан, Афшин оптимист болып қала береді және белсенді өмір сүруде. Болашақта Афшин көлік алуды армандайды, бірақ әзірге ол қайда барса да әке-шешесімен бірге жүруге тиіс.
Гиннес кітабындағы екі рекордттың иегері атанған Афшин үлкен танымалдыққа ие болды. Ол өзінің ерекшелігін талантқа айналдырып, соның арқасында дүниежүзіне танылғанына қуанышты.
"Мен адамдардың назарын жақсы көремін. Бұдан өзімді ерекше адамдай сезінемін... Мен Гиннестің рекордтар кітабының отбасы мүшесіне айналғаным түс сияқты. Кейде бұған сене алмаймын. Келесі күні оянғанда, бүкіл әлем сіздің кім екеніңізді білгені ерекше сезім екен", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2018531-alemde-boiy-en-qysqa-20-zastagy-er-adam-turaly-ne-bilemiz/