Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жас кезі есіне түсіп кеткен сияқты": Көше сыпырушының биі желі қолданушыларын сүйсіндірді

Опубликовано:

Аула сыпырушы
Аула сыпырушы: Instagram / Kaskelenkz

Әлеуметтік желіде әсерлі видео пайда болды. Бейнежазбаның басты кейіпкері - аула сыпырушының биі қазақстандық желі қолданушыларының көңіл-күйін көтерді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бейнежазба Instagram желісінде тарады. Видеоның сипаттамасына "Студенттер сияқты билегіңіз келгенде, бірақ жұмыста болсаңыз" деп жазылған. Кадрлардан Бейонсенің "Crazy in Love" әніне билеп тұрған аула сыпырушысын байқауға болады. Ал артқы фонда қандай да бір шараға дайындалып жатқан бір топ студенттің жиналғанын көруге болады.

Әнді де студенттер қосса керек, ер адам осы әнге билей жүріп қызметтік міндетін орындаған. Ер азаматты байқаған жастар оған қол соққан. Ал қасынан өтіп бара жатқан адамдар ер адамды видеоға түсірген.

Ер адамның биі қазақстандық желі қолданушыларының көңіл-күйін көтеріп, оларды тәнті етті.

"Жұмысын істеп жүр, билеп те жүр, жарайсың", "Атаның жас кезі есіне түсіп кеткен сияқты", - дейді желі қолданушылары.

Instagram әлеуметтік желісіндегі тағы бір пікір қалдырушы бұл видео Алматы қаласында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жанында түсірілгені туралы жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2022591-zas-kezi-esine-tusip-ketken-siyaqty-kose-sypyrusynyn-bii-zeli-qoldanusylaryn-suisindirdi-video/

pixel